Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтардағы әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова 500 метрге жарысудан 9-шы орын иеленді, Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Жарыста жалпы есебі 24 спортшы бақ сынады. Айдова маусымдағы ең үздік нәтижесін тіркеп, 500 метрді 38.038 секундта жүгіріп өтті.
18 спортшы жарысты аяқтағанға дейін Екатерина Айдова үшінші орында тұрған. Алайда, айдынға кейін шыққан спортшылардың нәтижесі жоғарылап, жерлесіміз 9-шы орынға сырғыды.
Спринтерлер жарысында алтын жүлдені австриялық Ванесса Херцог иеленді. Ол әлем рекордын жаңартып, 37.124 нәтижесін тіркеді.
Екінші орында жапондық Нао Кодаира (37.202), үшінші орында Жапонияның тағы бір өкілі Конами Соги (37.607).