Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаржыны ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті екі тұрғын 108 шаруаның атынан жалған құжат рәсімдеп, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу құнын субсидиялауды көздеп, заңсыз 105,3 миллион теңге алған.
2024 жылдың 30 наурызында аудан прокуратурасы алаяқтық іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті