• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2019

Балқаш аудандық ауруханасы күрделі жөндеуді қажет етеді

925 рет
көрсетілді

Балқаш – Алматы облысының шалғайдағы ауданы. Өңірді 30 мыңнан астам тұрғын мекен етеді. Негізінен ауыл шаруашылығына арқа сүйеген аймақ облыс экономикасына ет, сүт, күріш өнімдерімен үлес қосып келеді.  

Аудан тұрғындарын алаңдатын мәселе аз емес. Соның маңыздысы Бақанас ауылындағы орталық аурухананың жайы. 1986 жылы қоланысқа берілген аурухан ғимаратына бұған дейін бір рет қана ағымдағы жөндеу жасалған екен. Онда да жылу жүйесі мен терезелері ауыстырылып, қабырғалары жылу сақтағыш жабындымен қапталыпты.

- Ауруханаға 3 жыл бұрын ағымдағы жөндеу жүргізілген. Енді күрделі жөндеу қажет. Жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірге мемлекеттік сараптамаға жіберілді, - дейді аудандық аурухананың директоры Дәурен Иманалиев.

Отыз мыңнан астам тұрғыны бар ауданның орталық аурухнасында бүгінде  100 төсектік тәуліктік стационар, 20 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Үш жүзден астам дәрігер мамандар бар. Ауруханада 300-ден астам медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Жақында Балқаш ауданына арнайы сапармен барған облыс әкімі Амандық Баталов елдің тілегін тыңдап, ауруханаға көмек көрсететін айтты.

- Аурухананың жекелеген бөлімдеріне ғана күрделі жөндеу жасамай, кезек-кезегімен барлық бөлімдерін  жөндеу қажет. Бұған республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны күтіп отырмай, облыстық бюджеттен 300 млрд теңге қосымша ақша қарастырып, сол қаржыға күрделі жөндеуді бастаймыз. Және шалғай жатқан аудан болғасын, тұрғындар заманауи аппаратуралардың қызметі үшін өзге қалаларға жүгірмеуі керек.  Сол үшін аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға да қолдау көрсетеміз, - деді облыс әкімі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы