Байқоңыр ауданы әкімі аппараты ШОБ нысандарында «PolyCard» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізді, деп xабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жоба ерекшелігі – жол жүру карталарын лезде әрі комиссиясыз толтыру мүмкіндігі. Бүгінгі таңда, аудан аумағында «Астана LRT» көлік карталарын толтыратын 7 бөлімше бар (инфографикада көрсетілген).
Сонымен қатар, ауданда қайталама шикізат қабылдайтын 11 нүктеде көлік карталарын лезде толтыратын бөлімшелер ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта субагенттік келісімшарттардың дайындалуы аяқталуға тәмам.
Нақты мекенжайы мен қызмет көрсетуінің басталуы қосымша xабарланатын болады. Сондай-ақ, аудан бойынша RTVM-терминалдар келесі жерлерде орналасқан:
Астаналық базар «Астаналық»; «Сұңқар» СҮ, Республика д., 26; «Жаннұр» СҮ, Абай д., 48; «Әлем» СО, Бөгенбай батыр д., 62; «Бараев» аялдамасы, Центр кредит банкінің жанында; «Бараев» аялдамасы, Ш. Иманбаева к. бұрышы; «Жастар ш.а.» аялдамасы, А. Кравцов к. «Жастар ш.а.» аялдамасы, А. Бараев көшесі.