Бейсенбі, 16 ақпан 2012 8:11
Жамбыл облысыҚатысушы – Жолдасбекова Нұрлыкүл Қырықбайқызы. (көп балалы ана)Туған жылы – 1972Мемлекеттік қолдау шаралары – Мемлекеттік әлеуметтік қаржы жүйесі (МӘҚЖ) қаржысынан және республикалық бюджеттен көп балалы отбасына тиісті әлеуметтік жәрдемақы.Жолдасбекова Нұрлыкүл Қырықбайқызы Жамбыл ауданының Жалпақтөбе селосындағы Чкалов атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Жолдасы Тараз қаласында ішкі істер департаментінде еңбек етеді. Өткен жылы отбасында 4-ші нәресте дүниеге келді.
Жамбыл облысыҚатысушы – Жолдасбекова Нұрлыкүл Қырықбайқызы. (көп балалы ана)Туған жылы – 1972Мемлекеттік қолдау шаралары – Мемлекеттік әлеуметтік қаржы жүйесі (МӘҚЖ) қаржысынан және республикалық бюджеттен көп балалы отбасына тиісті әлеуметтік жәрдемақы.Жолдасбекова Нұрлыкүл Қырықбайқызы Жамбыл ауданының Жалпақтөбе селосындағы Чкалов атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Жолдасы Тараз қаласында ішкі істер департаментінде еңбек етеді. Өткен жылы отбасында 4-ші нәресте дүниеге келді. Нұрлыкүл Қырықбайқызы МӘҚЖ қаржысы есебімен жүкті болуы себепті отбасы кірісінен айрылуына және бала тууына байланысты 247000 теңге жәрдемақы алды. Сонымен бірге, нәресте 1 жасқа толғанға дейін ай сайынғы кірістің 40 пайызы көлемінде 18572 теңге әлеуметтік өтемақы алады.Сонымен бірге, Нұрлыкүл Қырықбайқызы республикалық бюджет қаржысы есебінен 4-ші нәрестенің тууына байланысты (50 АЕК, бір реттік) 75600 теңге көлемінде көмек және ай сайын көп балалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл отбасына төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы ретінде ай сайын 6428 теңге (3,9 АЕК) жәрдемақы төленеді.Мекен-жайы – Жамбыл ауданы, Қызыл диқан ауылы.Байланыс телефоны – 8 777-139-4573,үй т.8 726 3331542.
Павлодар облысыҚатысушы – Процик Степанида Потаповна. (жалғызбасты зейнеткер)Туған жылы – 1938Мемлекеттік қолдау шаралары – үйде күтім жасау үшін әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі тарапынан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.Осыдан екі жыл бұрын Степанида Потаповнаның күйеуі қайтыс болды. Үлкен қызы Алматы қаласында, кіші қызы Екібастұз қаласында тұрады. Кіші қызының аурушаң баласы болуына байланысты анасына күтім жасауға мүмкіндігі жоқ. Ал Степанида Потаповнаның аяқтары жүруге жарамай, ұзақ мерзім жатып қалады. Үнемі ауырады.Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі оған арнайы әлеуметтік қызметкер бекітті. Ол күн сайын кейуананың үйіне келіп, күтім (бұл белгілі стандарттар бойынша жасалатын арнайы күтімнің 8 түрі) жасайды. Осыдан кейін кейуана ауруынан жазылғандай тұрып кетті.Кейуананың айтуы бойынша, қазір оның көңіл-күйі жақсы. Әлеуметтік қызметкер оған барынша күтім жасайды. Азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Үйді жинап, қажет болған жағдайда ыстық тамақ пісіріп береді. Кейуана әңгіме-дүкен құрып, көңілін көтеретін қамқор адам табылғанына шексіз қуанышты. Қажет болған жағдайда әлеуметтік қызметкер емханаға барып, тиісті дәрігерлерді шақырады. Мемлекеттік әлеуметтік көмектің арқасында Степанида Потаповнаның жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді.Мекен-жайы – Павлодар қ-сы.Байланыс телефоны – 8 (7182) 641345.
Батыс Қазақстан облысыҚатысушы – Бисалиева Аружан (сал ауруына шалдыққан мүгедек).Туған жылы – 2000Мемлекеттік қолдау шаралары – күндіз қабылдайтын бөлімшеде арнайы әлеуметтік көмек көрсету.Бисалиева Нұрбике сал ауруына ұшыраған 11 жасар Бисалиева Аружанды тәрбиелеп отыр. Бисалиева Аружан толық отбасында өмір сүреді, жастайынан сал ауруына шалдыққан мүгедек болып табылады. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне қабылданғанға дейін үнемі үйде болған. Өз қатарластарымен кездесіп, араласуға мүмкіндігі болмаған. Достары жоқ, үнемі өзімен-өзі уақыт өткізетіндігіне байланысты тұйықталып қалған. Баланың денсаулығына байланысты отбасы оны балалар бақшасына, шағын тәрбие орталықтарына орналастыра алмаған. Мүгедек баланы жалғыз қалдыруға да болмайды. Оған қозғалу үшін көмек көрсету керек. Сондықтан отбасы бала күтімі үшін тұрақты түрде күтуші жалдап отырған.Күндіз қабылдайтын арнайы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ашылғанын естігеннен кейін отбасы құжаттарын тапсырып, 2010 жылы Аружанды арнайы топқа тіркетеді. Міне, соңғы екі жылдан бері Аружан осы топта тұрақты түрде тәрбие алып келеді. Жақсы сөйлеуді үйренді, оқи біледі. Бөлімше қызметкерлері ұйымдастырған әртүрлі шараларға белсене қатысады. Балалармен еркін араласып кетті. Аружанды күндізгі бөлімге орналастырғаннан кейін оның анасы алаңсыз еңбек ететін болды. Нұрбике Бисалиева Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінде ағылшын тілі пәнінен дәріс береді.Мекен-жайы – Орал қ-сы.Байланыс телефоны – 8 777-426-3892.
Қостанай облысыҚатысушы – «Қостанайгаз» МККТасқожин Жангелді Шағатайұлы.Туған жылы – 1952Мемлекеттік қолдау шаралары – жұмысқа қабілетті мүгедек адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету үшін мүгедектердің қоғамдық бірлестігі белгілеген ұйым көмегі.«Қостанайгаз» МКК – Тасқожин Жангелді Шағатайұлы, директордың орынбасары «Қазақ саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» қоғамдық бірлестігінен жұмыс киімін сатып алумен айналысады. «Қазақ саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» қоғамдық бірлестігі (басшысы В.П.Воронин) 1949 жылы құрылған. Бүгінде өндірістік бірлестікте 80 адам еңбек етеді. Олардың 68 пайызы есту мүмкіндігі кем мүгедектер болып табылады.Өндірістік бірлестік мынандай тігін бұйымдарын шығарады:– балабақша бұйымдары (жаялық, ползунки, иткөйлек, бас киім);– төсекжайма;– медицина қызметкерлерінің халаттары, бас киімдері;– әйелдер үшін халаттар, көйлектер, ішкөйлектер;– жұмысшыларға арналған барлық түрдегі жұмыс киімі;– Қорғаныс, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне арналған жұмыс киімдері;– қысқы күртешелер, комбинезондар;– ҚТЖ және Қазақтелеком үшін арнайы киім үлгілері және төсекжаймалар;– дәнекерлеушілердің киімдері, қолғаптары;–перделер;– үй жиһаздары;Негізгі тұтынушылар – республикамыздың, Қостанай облысының, Қостанай қаласының бюджеттік мекемелері: білім, денсаулық сақтау басқармалары, әлеуметтік мекемелер, сонымен бірге «Баян Сұлу» АҚ, «АБЗ+» АҚ, «КЕГОК», «АдалИ» ЖШС, «Қостанайгаз», «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы», «Қостанай-Су» МКК-лары және басқалар.Мекен-жайы – Қостанай қ-сы.Байланыс телефоны – 8 (7142) 54-17-15.
Астана қаласыҚатысушы – Искаков Арнұр Қайнарбекұлы.Туған жылы – 1985Мемлекеттік қолдау шаралары – мүгедектерге автокөлік қызметін көрсету.Искаков Арнұр Қайнарбекұлы, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі көрсететін «инватакси» қызметін тұтынады.«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) 2006 жылы құрылған. Еліміздің барлық өңірлерінде филиалдары бар. РҚБ-ны Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы басқарады. РҚБ-ның негізгі мақсаты мүгедектерге көмек көрсету, оларды сауықтыру үшін жан-жақты жағдай жасап, мүгедектердің мүдделері мен құқықтарын қорғау.Астана қаласында мүгедектерді арнаулы көлік – «инватаксимен» тасу екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Орта есеппен күніне сал болып қалған 40 мүгедекке қызмет көрсетіледі. РҚБ қарамағында «инватакси» ретінде қызмет көрсететін 5 автокөлік бар. Бұл автокөліктер арнайы жабдықталған. Мүгедектердің қоларбасы көлік салонындағы арнаулы орынға бекітіледі.Мекен-жайы – Астана қ-сы.Байланыс телефоны – 8 702-371-8656.