Шайбалы хоккейден Қазақстанның тұрақты біріншілігі аяқталып, плей-офф додасына жолдама алған командалар толықтай анықталды.
Айтулы жарыста «Бейбарыстың» бағы жанды. 114 ұпайды олжалаған атыраулық клуб жарыс кестесінде жеке-дара көш бастады. Екінші және үшінші орындарды Көкшетаудың «Арланы» мен Павлодардың «Ертісі» иеленді.
Алдағы күндері плей-офф додасының ширек финалдық сайыстар өтеді. Бұл жарыста «Бейбарыс» (Атырау) пен «Теміртау» (Теміртау), «Арлан» (Көкшетау) – «Алматы» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар) – «Құлагер» (Петропавловск) және «Алтай-Торпедо» (Өскемен) мен «Номад» (Астана) клубтары өзара күш сынасады.
Алғашқы ширек финалдық бәсекелер 14-15 ақпанда және соңғылары 1 наурызда өтеді. Одан кейін көрермендер жартылай фыиналдық және финалдық ойындарды тамашалайды.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»