• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2019

Ақтау қаласының №2 сотында фронт-офис ашылды

592 рет
көрсетілді

Фронт-офис «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ашылды. Осылайша, өңірдің тағы бір соты халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын ескерілген «OpenSpace» азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидаттарына толығымен көшті.

Осы бағдарламаны іске асыру аясында  Ақтау қаласының № 2 сотының төрағасы Р.Бейсенов пен кеңсе меңгеруші Н.Ерджанов  Сарыарқа аудандық сотына тәжірибе алмасу үшін іс-сапарға барған болатын.

Фронт-офис жайлы жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, сот отырыстарының тізімі мен талап және басқа да арыздардың үлгілері жазылған стендтермен жабдықталып, интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ақпарат орталығы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны, күту залы, медиатор мен адвокат кабинеттері де осында жайғастырылған.

Фронт-офисте азаматтар медиаторлар мен адвокаттардан консультациялар алып, медиация тәртібімен дауларды шешуге мүмкіндік алады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы