• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2019

Қазақстан «Азия балалары» спорттық ойындарында тағы екі алтын иеленді

374 рет
көрсетілді

Оңтүстік Сахалинде «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына тағы үш медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы Оңтүстік Корея мен Сібір командасын басып озып, эстафетадан алтын медаль иеленді. Қыздарымыздың еншісінде күміс бар. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден бақ сынаған Вероника Шишкина алтын медаль тағынса, биатлоншы Вадим Куралес екінші рет тұғыр биігінен көрініп, қола еншіледі. 

Арина Шешукова екінші күміс жүлдесін еншіледі. 

Еске сала кетейік, «Азия балалары» турниріне 16 жастан кіші спортшылар қатысады.