• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2019

Алаң - идеялар мен жобаларды тоғыстырады

360 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні Стартап академиясы деген ұғым тілдік қорымыз бен қолданысымызға еніп отыр. Бұл не? От па, су ма? 

Жоқ, бұл оның екеуі де емес, жоғары оқу орнында жастар мен студенттердің бойына бизнес жүргізумен кәсіпкерлік дағдыларды сіңірудің, оның қыры мен сырын үйретудің бастапқы мектебі екен. Әрі оны белгілі бір жоғары оқу орны көлемімен шектемей өңірлік және республикалық деңгейге дейін көтеріп, стартап-жобаларды идеядан нақты іске асу деңгейіне дейін жеткізуді көздейтін таптырмас алаң екен.

Осы орайда өңірдегі Стартап академия Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ерденбековтың бастамасымен ашылғанын айта кеткен жөн. Мұнда тігін цехы, биологиялық зертхана, мүсін жасау шеберханасы және аспаздық бөлмелері жабдықталған. Қазіргі кезде стартап академия өздері ойластырған жобаларға сәйкес өңірдегі бренд тауарлар түрін көбейтіп, оны тиімді түрде пайдалану жолдарын белгіледі.

Соның бірі –тары. Біздің қазіргі мақсатымыз осы стратегиялық дақылдан жасалатын өнім түрлерін көбейту. Бұл өздігінен пайда бола қалатын іс емес. Содықтан да стартап-алаңынан осы жобаны іске асыруға икемі бар болашақ кәсіпкерлерді әзірлеуді, оларға бтзнестің ұңғылы мен шұңғылын таныстыруды көздеп отырмыз дейді жоба иесі, университе ректоры Б.Ерденбеков. Стартап академияда идеялар мен жобалар бір-бірімен тоғысып жатуға тиіс. Бұл бағытта біз кем дегенде студенттеріміздің елу пайызы осы алаңнан тәжірибе жинақтайтындай іс-шаралар кешенін белгіледік. Қазіргі істің барысы жақсы әрі оң нәтижеге қол жеткізе алатынымызды көрсетеді деді ол одан әрі. Ақтөбеде стартап академияның ашылуы биылғы жастар жылымен тұспа-тұс келіп отырғаны да бұл істің өміршеңдігін танытады. Бір сөзбен айтқанда стартап жобалар кәсіпкерлікті дамытудың негізі десе де болады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бұл ілкімді істі құр тақырдан, жалаң қолмен бастамағанын да айтуға тиіспіз. Мысалы айтулы жоғары оқу орны 2017 жылдың аяғында «Стартап-2017» байқауын өткізіп, болашақта басталатын істің әліппесін ашқан болатын. Алғашқы стартап-жоба байқауы тек сөз жүзінде қалмай, нақты істің атқарылуына септігін тигізгені де бір мерей.

Осы байқауда бас бәйгені иеленген еңбек «Ақылды балабақша» жобасы шеңберінде жүзеге асып, бүгінде ол «Зерек» атты балаларды дамыту орталығына айналған. Әрі мұның өзін университет ұжымының әлеуметтік бағыттағы стартаптарды дамыту ісіндегі тұңғыш шоқтығы биік табысы деп бағалағанымыз орынды. Өткен 2018 жылы да университетте Стартап академияны ашу үшін жан-жақты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген. Соның нәижесінде жастарды әлеуметтік пайдалы жұмыстарға тарту жөнінде  лайықты қадамдар жасалған. Осы жылы республикада өткізілген «Жас проджэкт» байқауына аталған оқу орнынан 11 өтінім беріліп, оның ішінде 6 стартап грант иегері атанғаны да атап айтуға тұрарлық мәселе. Тұтастай алғанда бұл байқауда аталған университет студенттері жеті миллион тенгені ұтып алғаны республикадағы өңірлік жоғары оқу орындары арасындағы жоғары көрсеткіш еді.

Университеттегі стартап-жобалар Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірлескен түрде жүзеге асырылып келеді. Түптей келгендей мұндай жұмыстар оқу орнының өңірдегі интеллектуалды ресурстарды шоғырландыру орталығына айналуына мүмкіндік береді.

Темір Құсайын,

«Egemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ