• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2019

Асқар Мамин «Әзірет сұлтан» қорық-музейі маңында атқарылған жұмыстармен танысты

300 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан облысындағы кезекті ресми іссапар барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында салынатын Сапар орталығының жобасы мен Күлтөбе қалашығы маңайында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты. Бұл туралы  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетсек, Елбасының тарихи шешімі арқасында Түркістан қазіргі уақытта аса маңызды мәртебеге ие болғаны белгілі. Осы орайда, қолға алынған ірі жобалардың бірі – Түркістан қаласындағы тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды танымал туристік орталыққа айналдыру басты назарда. ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты 88,7 гектар аумақтағы ортағасырдағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін анықтауға және қалпына келтіруге арналған Жобаны мемлекет Басшысына таныстырып, мақұлдаған болатын. Аталған істер аясында Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының археология бөлімі Күлтөбе маңайының солтүстік бөлігінде қазба жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, қоқан және қазақ хандығы тұсындағы үйлердің орны мен түрлі жәдігерлер табылды.

Бұдан өзге, жерасты жолдарын анықтау мақсатында да арнайы барлау жұмыстары жүруде.

Ясауи өмір сүрген кезеңге дейінгі зерттеу және зерделеу жұмыстары үш жыл көлемінде жүргізіліп, қаланың 27 га аумағында  50-ден астам тарихи іздері сақталған құрылыстарды салу жоспарлануда.