• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Ақпан, 2019

Марсқа билет бағасының құны белгілі болды

433 рет
көрсетілді

Илон Маск Марсқа ұшатын SpaceX ғарыш кемелерінің билеттерінің бағасын жариялады.

«SpaceX Starship кемесіндегі әр орынды дамыған елдердің тұрғындары қиналмай сатып алады» деді кәсіпкер.

Оның сөзіне қарағанда, билет бағасы ғарыш кемесінің көлеміне байланысты болмақ.

Илон Масктың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Билет құны 500 мың АҚШ долларына жетуі мүмкін, бәлкім 100 мың АҚШ долларына теңесуі ғажап емес. Жолдама құны экономикасы дамыған елдер тұрғындарының Жердегі үйін сатып, билет алуына жеткілікті» деп жазды.

SpaceX компаниясы Марсқа 2020 жылдың ортасында Starship пен Super Heavy ғарыш кемелерін жіберуді жоспарлап отыр.