Кеше түнде Талдықорған қаласында бір отбасына иіс тиіп, 3 адам қайтыс болды. Оның бірі 3 жастағы сәби. Ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген тағы бір баланың өмірі қыл үстінде жатыр.
- Оқиға ақпанның он төртінен он бесіне қараған түнде болған. Жеке үйлердің бірінде көмір иісінен уланып,1966 жылы туған отағасы мен 2015 жылы туған кішкентай сәби және 1947 жылы туған туысқан әйел адам көз жұмды. Иістен уланған 2011 жылғы жасөспірім ауруханада жатыр. Отанасы бұл түнде жұмыста болған екен. Қазір азалы анаға дәрігерлер мен психолог мамандар көмек көрсетуде, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы