• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2019

Амандық Баталов: Өңірлік өнім көрсеткіші 2,7 трлн теңгеден асты

391 рет
көрсетілді

 

Алматы облысының өнеркәсіп өндірісі өткен жылы 101,1 процентке жетіп, 884 млрд теңге пайда әкелді.

Ал жалпы өңірлік өнім көрсеткіші 3,5 процентке көбейіп, ақшалай кіріс 2,7 трлн теңгеден асты. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 762 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыстағы үлес 86,2 процентті құраған. Бұл туралы Талдықорған қаласында өтіп жатқан облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен есепті кездесуінде айтылды.

Атап айтқанда, аймақта қағаз бен қағаз өнімдерін шығару – 4,8 проценткее, химия өнеркәсібінің өнімдері – 31,7 процентке, машина жасау өндірісі– 20,8 процентке, электр жабдықтарын шығару – 20,8 процентке, дайын металл бұйымдарын шығару – 20,6 процентке, жиһаз өндірісі – 41 процентке және азық-түлік өндіру – 6,6 процентке жетті.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы