Сенбі, 30 маусым 2012 7:53
ЗАМАНАУИ ҮРДІСКЕ САЙ ӨРЛЕУ
Ертең Астанада нейрохирургтердің ІІ съезі жұмысын бастайды
БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ
1 шілде күні отандықнейрохирургтердің екінші съезі өзжұмысын бастайды. Осы айтулыоқиғаның қарсаңында жалпынейрохирургия бөлімшесініңмеңгерушісі Серік КӘРІБАЙҒАжолығып, әңгімелескен едік.
Сенбі, 30 маусым 2012 7:53
ЗАМАНАУИ ҮРДІСКЕ САЙ ӨРЛЕУ
Ертең Астанада нейрохирургтердің ІІ съезі жұмысын бастайды
БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ
1 шілде күні отандықнейрохирургтердің екінші съезі өзжұмысын бастайды. Осы айтулыоқиғаның қарсаңында жалпынейрохирургия бөлімшесініңмеңгерушісі Серік КӘРІБАЙҒАжолығып, әңгімелескен едік.
– Серік Дүзелбайұлы, қазіргі таңдамедициналық сақтандырудыңкенжелеп қалғаны жиі айтылады. Қоғамымыз капиталистік жүйегеөтсе де, медицинаны тұтастайдерлік үкімет қаржыландырыпотыр. Кепілдендірілген медициналық көмектің ішіндегі неше түрлі қымбат дәрілер мен қымбатоталардың өзі-ақ үкіметке салмақ салатынын шамалайтын болсақ, бұлжөнінде ерте ме, кеш пе мәселе көтерілетінін ішіміз сезеді. Сондықтаналдымен медициналық сақтандыру жайлы орталықтың ұстанымықандай деген сауал төңірегінде ой тарқатсаңыз.
– Расында қазіргі таңда қоғамымызда медициналық сақтандыру туралы естігенімен, ол жайында жарытып ештеңе білмейтін азаматтарымыз баршылық. Өйткені, бұл 90-жылдарда қоғамда біраз пікір тудырып, кейіннен өз-өзінен сап тиылды. Сол кезеңде медициналық сақтандыру қоры құрылғаны белгілі. Бірақ қор бір себептермен жұмысын тоқтатты да, қарапайым халық медициналық сақтандырудың бүге-шігесін біле алмай әрі өздерінің «сақтанатындықтарына» сене алмай қалды десек дұрыс болар. Негізінде медициналық сақтандыру қоғамымыздағы әрбір адам үшін оңтайлы жүйе дер едім. Әрбір адам өз-өзіне сақтандыру кітапшасын ашса да, тіпті оны сол адам жұмыс істейтін компаниялар мен акционерлік қоғамдар, басқа да жұмыс орындары жүзеге асырса да бұның әлгі адамның өмірі мен денсаулығы үшін маңызы зор. Біз бір нәрсе жайында айтқан кезде үнемі дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенеміз. Өйтпеске лажымыз да жоқ. Капиталистік жүйедегі сол мемлекеттердің барлығында адамдар медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ем алады. Бірақ бұдан тегін емдеу оларда жоқ екен деген ұғым шықпауға тиіс. Бір жағынан тегін емделу, бір жағынан медициналық сақтандыру бойынша ем қабылдауды қатар жүргізіп отырған мемлекеттер бар.
Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорға жиналған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Бұл міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Міндеттісі әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналары жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорын, ұйым, басқа да жұмыс берушілер қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыссыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өздері жасайды деп бір тоқтайық. Әзірге біздің елімізде сақтандырудың осы екі түрі де шамалап қана қолданысқа еніп келеді. Әсіресе, қалталы азаматтар медициналық сақтандырудың тиімді әрі қолайлы екендігін сезді. Біздің орталықта ақылы түрде емделетін адамдарды көргенде туындаған ой бұл. Сондай-ақ, кейбір ірі компаниялар өз жұмысшыларының денсаулығы үшін мүдделі болып, олардың біздің орталықта емделіп жатқан жағдайлары баршылық.
Ал енді біздің ұстанымымызға келетін болсақ, Елбасының «бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін медициналық сақтандыру дамыған болуы керек» деген пікіріне сүйенеміз.
– Осында медициналық туризмнің орталық қызметін дамытудағы басымбағыттардың бірі екенін білеміз. Бұл жұмыс қалай жүріп жатыр?
– Орталығымызда нейрохирургияға қажетті заманауи құрал-жабдықтардың барлығы дерлік бар. Тіпті ондай құрал-жабдықтар ТМД-ның кейбір мемлекеттерінде жоқ екенін сеніммен айта аламын. Дәрігерлеріміздің біліктілігі де талас тудырмайды. Біздің басшымыз Серік Қуандықұлы алысты болжай білетін стратег адам дейтін болсақ, оның медициналық туризмнен түсетін кіріс арқылы кейбір шығындарды жабу жайындағы құнды пікірлері де көкейге қонымды. Сондықтан мекемемізге қазіргі кезде Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан секілді ТМД мемлекеттерінен, Ресейдің біздің елге жақын Челябі, Саратов, Омбы облыстарынан адамдар келіп, ақылы түрде емделеді. Ол қаржыға біз мамандарды оқыту, шет елдерден аппараттар әкелу мәселелерін шешіп жатырмыз. Рас, бұл қаржы орталыққа құйылып жатқан бюджеттік қаржыдан әлдеқайда аз. Тағы бір атап көрсетер жәйт – медициналық туризм арқылы отандық медицина жетістігін шет мемлекеттерде дәріптеуге мүмкіндік алдық. Әлгінде ТМД мемлекеттерінен науқастар арнайы келіп ем қабылдайтынын айттым. Сондай-ақ, осында тұратын не уақытша жұмыс істеп жүрген алыс шетелдің, яғни, Ұлыбритания, Германия сынды дамыған елдердің азаматтары да біздің медицинаға сенім білдіріп, орталығымызда емделіп жатады. Бұл біз үшін үлкен жетістік. ТМД мемлекеттеріне съезге, конференцияға баратын біздің мамандарды сол елдерде танып, құрметтеп жататыны да көңілге қуаныш ұялатады.
– Шетелден келетін азаматтар үшін Нейрохирургия ғылымиорталығындағы қызмет бағасы қаншалықты қолжетімді?
– Медициналық туризмнің тарихы тым арыда жатыр. Бұның мың жылдық тарихы бар десек қателеспейміз. Бір елдің азаматтарының екінші бір елде емделуі ешқандай да жаңалық емес. Ал қолжетімділік тұрғысынан сұрақ болмауы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, әрбір адам өз денсаулығы үшін кез-келген соманы төлейтіні өмірдің шындығы. Десе де, біздегі қолжетімділікті айтып өтейін. Біздің орталықта жасалатын ақылы оталардың құны өзге дамыған елдермен салыстырғанда бір жарым, екі есеге дейін арзан. Оның өз себептері бар. Сонда қарапайым халық арзан әрі сапалы ем алғанға қызықпайды дейсіз бе? Капиталистік жүйеде өмір сүретін елдерде медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілмеген адамдар саны өте көп екенін біз түрлі ақпарат көздері арқылы біліп отырмыз. Мысалы, АҚШ-тың өзінде бұндай адамдар елу миллион шамасында екен. Ал сақтандырудың өзі өте ауыр жағдайдағы науқастарға кететін шығындарды толығымен жаппайтыны тағы белгілі. Сондықтан олар не істейді? Медициналық қызметтің бағасы қолжетімді елдерден ем қабылдайды. Тек АҚШ емес, Батыс Еуропа мен Канада тұрғындарының белгілі бір бөлігі өзге елдерде емделетіні қазіргі таңда жасырын емес. Бұның әртүрлі себептері бар десек, ең бастысы бұл елдерде емделу өте қымбат. Сондықтан біздің орталық қолжетімді баға ұсынып отыр деп сеніммен айта аламын.
– Ертең Қазақстан Республикасы нейрохирургтерінің ІІ съезі өз жұмысын бастайын деп отыр. Бұл орайда сіз басқаратын бөлімше нейрохирургия саласында қандай мәселелер көтереді? Сол туралы қысқаша айта кетсеңіз.
– Біздің бөлімшеде бастағы және мидағы ісіктердің түр-түріне, түрлі деңгейдегі гидроцефалияға, қазақша айтқанда сумыйлыққа, мидағы тамыр ауруларына, мидағы дамудың тежелуіне қатысты түрлі дерттерге, басқа да ауру түрлеріне ота жасалады. Ол оталарды Siemens, Medtronic, Storz, Carl Zeiss фирмаларының ең алдыңғы қатарлы аппараттарын пайдаланып, білікті дәрігерлеріміз арқылы жүзеге асырамыз. Сондықтан съез барысында біз мәселе көтеруден бұрын қандай оталар жасалып жатқанын, ол үшін қандай әдістер пайдалануда екенін алдымен айтатын боламыз. Өйткені, қазір бірқатар мәселелерде кемшін тұстарымыз болғанымен, біліктілік жөнінен дәрігерлеріміз шетелдің дәрігерлерінен кем емес деп толық сеніммен айтатын деңгейдеміз. Сол үшін съезде негізінен тәжірибе үйренетін емес, алмасатын боламыз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».