Бейсенбі, 9 тамыз 2012 5:37
– дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Бірлескен құрылыс корпорациясы-стройсервис» ЖШС директоры Шакир Хахазов
Қаржылық дағдарыс бүгінде әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Қазір көптеген мемлекетте қаржылық қиындық бар. Әсіресе, Еуропа елдерінің жағдайы нашар. Ол елдердегі күн санап қатары көбейген жұмыссыздардың жаппай тәртіпсіздікке бой алдыруының өзі осы қаржылық дағдарыстың салдары.
Бейсенбі, 9 тамыз 2012 5:37
– дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Бірлескен құрылыс корпорациясы-стройсервис» ЖШС директоры Шакир Хахазов
Қаржылық дағдарыс бүгінде әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Қазір көптеген мемлекетте қаржылық қиындық бар. Әсіресе, Еуропа елдерінің жағдайы нашар. Ол елдердегі күн санап қатары көбейген жұмыссыздардың жаппай тәртіпсіздікке бой алдыруының өзі осы қаржылық дағдарыстың салдары.
Мұндай бас көтерулер саяси жағдайды да ушықтырып, елдердің тұтастығына да айтарлықтай қауіп төндірді. Сөйтіп, қай елде болмасын экономикалық жағдайдың төмендеуі ондағы тыныштықты да шайқалтатыны тағы бір дәлелденгендей. Қазақтың «алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылы бекер айтылмаса керек. Ал біздің ел бүгінде бірліктің ұясы ғана емес, дағдарыс кезінде экономикалық қиындықтарға да төтеп бере алған берекенің бесігі болып отыр. Оған еліміздің бүгінгі хал-ахуалы айғақ.
Қазақстан халқы этностық құрамы жағынан әралуан. Бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Қазақстан еліміздің аумағында тұрып жатқан ұлттардың теңдігі қағидасын қатаң ұстанады. Әрбір қазақстандыққа өзін толыққанды ұлт ретінде танытуы үшін барлық жағдай жасалып, өзіндік этномәдени мүдделерін жүзеге асыру құқығы берілген.
Ұлттардың өзіндік тұрмыс-тіршілігін қолдаудың үлгісі ретінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде ашылған ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысы бүгінде кең өріс алып дамуда. Олардың жоғары мінбері – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қазіргі таңда осы мықты әлеуметтік күш Парламент палаталарының, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарында өз ұстанымдарын таныта отырып, азаматтық қоғамның дәстүрлі институттарымен тығыз ықпалдасып кетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегіне айналып, барлық ұлттардың мүддесін бекітіп нығайтты, ұлттық және діни әралуандыққа қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен жеке бостандықтарын қадағалаудың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етті. Бұл ұйым Қазақстанда осы саладағы ұлтаралық қатынастарды үйлестіру мен теңдестірудің ерекше маңызды құралына айналды.
Ассамблеяның қызметіне Қазақстанның ұлтаралық мәселелерді шешудің әлемдік тәжірибесіне қосқан қомақты оң үлгісі арқау болған. Бұл – маңыздылығы ең жоғары деңгейде бағаланған үлес. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан 2002 жылы біздің елімізде болған сапарында Қазақстанды әлемнің өзге мемлекеттері үшін тұрақты және тиянақты дамудың, ұлтаралық келісімнің озық үлгісі ретінде атап өткен болатын.
Мен, дүнген ұлтының өкілі ретінде, «Бірлескен құрылыс корпорациясы-Стройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі өз ұжымыммен бірге Ұлт көшбасшысының өз қолымен сызған жобаларын жүзеге асыру жолында қолдан келер үлесімді қосып келемін. Біз салған Астанадағы тазарту құрылыстары, көпір мен жол-көлік айрығы өте сапалы әрі өте қысқа мерзімде тапсырылды. Астана қаласындағы үш көпір мен Алматыдағы күрделі жол-көлік айрығының құрылысы аяқталуға жақын. «Нұр Отан» партиясы атынан Астана қаласы мәслихатының V шақырылымының депутаты ретінде партия құрылтайында оның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған істерді жүзеге асырудамын.
Сондықтан, Ассамблеяның биылғы XIX сессиясының ұраны ерекше маңызға ие. Қазақстан халқы, біздің Мемлекет басшысының дана, салмақты саясатының арқасында, бірлігін, тұтастығын сақтап отыр. Бұл – Қазақстан аумағында ұлттардың тіршілік ету тарихынан жеткен үрдіс. Соғыс жылдарында, тың игеру кезінде адамдар соңғы нанына дейін бөліп жеп, қашанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды, ортақ мақсатқа жұмылды.
Бұдан өзге, әлемдік сарапшылар атап өткендей, біздің еліміздің өмір тұрмысының барлық салаларында тұрақтылық сақталған. Американың, Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы мемлекеттерін жайлаған, көрші Ресей мен Орталық Азия елдерінің дамуына да әсерін тигізген атышулы қаржы дағдарысына қарамастан, біз «шөл даладағы ылғалды алқап» тәріздіміз. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан шығу және жақындаған дағдарысқа қарсы күрес жолында қажетті шараларды дәл уақытында атқарды. Мұнай секторынан түскен кірісті жинақтайтын Ұлттық қорды пайдалануға рұқсат етті, сөйтіп елімізді алып құрылыс алаңына айналдыруға шешім қабылдады. Бұл туралы Н.Назарбаев Парламентте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында да айтқан болатын.
«Әлем дағдарысқа ұшырайды, ал біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, он мыңдаған адамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз, – деді Елбасы. – Ол даму жобаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несиелер қарастыруға тура келеді. Мен бұл ақшаларды батыстық банктерде ұстап сақтағаннан гөрі, өз экономикамызды дамытуға салғанымыз дұрыс деп ойлаймын».
Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының үшінші сессиясының құрамдас ұраны – жаңғыртуға қатысты. Өйткені, қаржы ел экономикасын жаңғыртуға жұмсалмақ. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы индустриялық-инновациялық үрдістердің қозғаушы күші болатын «дәстүрлі мамандану» саласын дамыту арқылы алдыңғы қатарлы шикізаттық емес салаларды озық дамытуға бағытталады.
Индустрияландыру бағдарламасының арқасында тек соңғы екі жылда ғана 350-ден астам түрлі өндіріс орындары пайдалануға берілген. Ал бұл адамдар бұрынғыдан да көп еңбекақы алатын 200 мың біліктілікті индустриялық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 2015 жылға дейін тағы осынша жаңа жобаны іске қосып, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.
Мен Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың достықпен бірлескен жұмысы және еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан көлемді жобаларға үлес қосқанымды мақтаныш етемін.
Жазып алған Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».