• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2012

Рақымшылық жариялады

286 рет
көрсетілді

Рақымшылық жариялады

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:45

Солтүстік Кореяда мемлекет басшысының әкесі мен атасының туған күндерінің құрметіне орай рақым­шылық жарияланды.Рақымшылықтың қылмыскерлерге ме, әлде саяси тұт­қындарға ма, кімдерге жасалатыны, қанша адамның бос­тан­дыққа шығатыны әзірге белгісіз. Белгілісі рақымшылық туралы шешімді ел парламенті қабылдаған, ол 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Сәуірде Солтүстік Корея мемлекеттің негізін қалаушы Ким Ир Сеннің 100 жылдығын, ал ақпанда Ким Чен Ирдің 70 жылдығын атап өтетін болады. Айта кету керек, осыған дейін бұл ел 2002 жылы да рақымшылық жариялаған болатын.

 

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:45

Солтүстік Кореяда мемлекет басшысының әкесі мен атасының туған күндерінің құрметіне орай рақым­шылық жарияланды.Рақымшылықтың қылмыскерлерге ме, әлде саяси тұт­қындарға ма, кімдерге жасалатыны, қанша адамның бос­тан­дыққа шығатыны әзірге белгісіз. Белгілісі рақымшылық туралы шешімді ел парламенті қабылдаған, ол 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Сәуірде Солтүстік Корея мемлекеттің негізін қалаушы Ким Ир Сеннің 100 жылдығын, ал ақпанда Ким Чен Ирдің 70 жылдығын атап өтетін болады. Айта кету керек, осыған дейін бұл ел 2002 жылы да рақымшылық жариялаған болатын.

Францияның көздегені не?Франция армяндар геноциді проблемасын пайдаланып, Түркияға қысым жасауды одан әрі жалғастыруға дайын деп мәлімдеген Кавказ институтының директоры, саясаттанушы Александр Искандарян.Оның айтуынша, армян геноцидін теріске шығаруды криминалдандыру төңірегінде Францияда болып жатқан оқиғалар Армения үшін онша түсінікті болып отырған жоқ. Олар оны армян лобиі деп білуде. Францияның бұл мәселедегі саясаты алдағы президент сайлауына және Түркияның Таяу Шығыстағы рөліне байланысты туындап отыр.

Индонезия жағалауындағы зілзалаӨткен түнде Индонезияның Суматра аралы жаға­лауында 7,3 баллдық жер сілкінісі болды.АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, зілзаланың ошағы Банда-Ачех қаласынан оңтүстік-батыста 420 шақырым қашықтықта теңізде болған. Ел өкіметі цунами қаупі болуы мүмкін екенін ескертіп, жағалаудағы аудандар тұрғындары көшіріле бастаған. Бірақ кейін төніп тұрған үлкен қатердің жоқ екендігі хабарланған. Қаза болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Ахмадинежадтың Латын Америкасына сапарыИран президенті Махмуд Ахмадинежад Латын Аме­рикасының өзі бұрыннан жақсы қарым-қатынастағы төрт еліне ресми сапарын бастады.Венесуэла да Иран сияқты ОПЕК-ке мүше. Мемлекеттер бірнеше рет жүздеген миллион долларға  келісім-шарттар жасасып, бірлесіп даму банкін де тағайындаған болатын. Ал Эквадормен арадағы байланыстар Рафаэль Корреа ел президенті болған 2007 жылдан бері нығая түсті. Сол сияқты Никарагуа мен Куба да Иранмен тығыз қарым-қатынастар орнатқан елдер қатарында.

Әкімшілік басшысы ауыстыАҚШ тарихында тұңғыш рет президент әкімшілігін ортодоксалдық еврей басқаратын болды.Барак Обама әкімшілігінің басшысы Уильям Дэйлидің отставкаға кетуіне байла­ныс­ты оның орнына ортодок­салдық еврей Джейкоб Лью келетін болды. Д.Лью 1955 жылы 29 тамызда Нью-Йоркте адвокаттың отбасында туған. Ол Гарвард колледжінде және Джорджтаун уни­верситетінің заң орталығында оқыған. Обама әкімшілігінде ол әкімшілік-бюджеттік басқармаға жетек­шілік еткен болатын.

Кемеде тұтанған өртАнтарктидада кеме отқа оранып, оған суға батып кету қаупі төнуде.Антарктида жағалауында жүрген Оңтүстік Кореяның балықшы кемесінде орын алған өрт салдарынан 3 адам хабар-ошарсыз кеткен. 40 адамнан тұратын команда құра­мында Ресейдің, Қытайдың, Индонезияның, Вьетнамның және Оң­түстік Кореяның өкілдері болған. Жаңа Зеландияның құтқару қызметі 37 адамның өмірін арашалап қалған, ал 3 адамның тағдыры белгісіз.

Референдум 2014 жылы боладыШотландияның Ұлыбританиядан тәуелсіздігі туралы референдум 2014 жылы өтеді, деп мәлімдеді елдің бірінші министрі Алекс Салмонд.Шотландия үкіметі басшысының пікірінше, дауыс берудің мұндай мерзімі халықтың ел болашағы туралы ойластырылған шешім қабылдауына жағдай жасайды. Ал Британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон болса, Шотландияның болашағына қатысты белгісіздік ел экономикасына нұқсан келтіреді деп мәлімдеген.

«Яндекстің» авторы өмірден өтті«Яндекстің» негізін қалаушылардың бірі – Бен Коул 88 жасында өмірден өтті.Ол сонау 1993 жылдың өзінде Бостонда Ресей мен ТМД елдеріндегі жоғары техно­логиялық жобаларға маманданған Cole Management инвестициялық компа­ниясы­ның негізін қалаған болатын. Оның басшы­лығымен «Яндекс» Ресейде ең ірі интернет-ком­пания­лардың біріне айналды. Осы аттас іздестіру жүйесі бүгінде өңделген сұрау салулар саны жөнінен әлемде бесінші орын алады.

Қызанақ ең пайдалы тағамАмерикалық ғалымдар жүргізілген зерттеулерге арқа сүйей отырып, 2012 жылғы ең пайдалы өнімді атаған.Диетологтардың пікірлері бойынша, бұл орайда құра­мында көптеген антиоксиданттар бар қызанақ көш басында тұрған көрінеді. Сол сияқты томаттың құрамында глюкоза мен фруктозы, иод, натрий, магний, марганец, цинк және А, В, В2, В6, К, РР, Е дәрумендері бар. Олар адамға күш беріп, ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне жәрдемдеседі. Екінші орынды тәтті бұрыш иеленсе, үшінші орын жидектердің үлесіне тиген.Интернет материалдары негізінде әзірленген.