• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Ақпан, 2019

Алина Әділханова көркем гимнастикадан испаниядағы турнирге аттанды

423 рет
көрсетілді

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Алина Әділханова Гран-при додасына қатысу үшін Испанияға ұшып кетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Азия ойындарының чемпионы саналатын Әділханова үшін биылғы маусым Мәскеудегі Гран-при кезеңінде басталған. Сырқаттанып қалғанына байланысты толықтық спорттық бабына енбеген Алина Ресейдегі турнирді 19-шы орынмен аяқтады. 

Енді Әділханованың алдындағы кезекті ірі жарыс – Испанияның Марбелья қаласында өтетін Гран-при кезеңі. Аталған сынға Қазақстан сапынан Алина Әділханова ғана қатысады. 

Ал топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы 16-17 науыз күндері Киевте өтетін Гран-при додасына дайындалуда.