• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2019

Астанада тұрғын үй өртенді

532 рет
көрсетілді

Астанада тұрғын үйлердің бірі өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала берілген ақпарат бойынша, сағат 22.18-де Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үйдің үшінші қабатында үй заттары мен 15 шаршы метр балконды от шарпыған.

«Өрт сөндіруші қызметкерлер 25 адамды құтқарған, оның ішінде 10 бала. Тұрғындардың бір бөлігі өз бетімен үйден шыққан. Медициналық бригада жапа шеккендерге көмек көрсетті, жапа шеккендердің саны анықталып жатыр. Өт сөндірушілер сағат 22.46-да өртті оқшаулайды, ал сағат 22.58-де сөндірілді», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 23 адам жұмылдылды, оған қоса Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің өрттке қарсы бес дана техникасы тартылған деп хабарланған.