• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2019

Бердібек Сапарбаев: Жәрдемақы 1 шілдеден бастап төлене бастайды

871 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында елеулі мемлекеттік бастамалар ұсынды. Олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға тиімді ықпал етеді. Біріншіден, күнкөрі­сі төмен, оның ішінде көп балалы от­ба­сы­ларды  қолдау шараларын қам­ту мен кү­шейтуді кеңейту қолға алын­бақ. 1 шіл­­деге дейін күнкөріс деңгейі 14 830 тең­ге болады, ал 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге көбейеді. Бұл - 18 жасқа дейін төленеді. Егер балалар оқитын болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Бұған қоса, ата-анасының табыстары күнкөріс деңгейінен кем болса, қосымша жәрдемақы төле­неді. Егер бұл көмекті осы уақытқа дейін 570 мың адам алып келсе, енді 260 мыңға көбейіп, яғни 830 мың қазақстандықтың әлеуметтік көмекті алу мүмкіндігі болады. Бір от­ба­сын мысалға келтірсек, 4 балалы жал­ғызбасты отбасы делік. Егер 1 шіл­­деге дейін табысы жоқ болған соң от­басы 63 мың теңге атаулы әлеу­­ме­ттік көмек алатын болса, 1 шіл­де­ден бастап бұл 40 мың теңгеге кө­бе­йе­ді. Яғни, 103 945 теңге болады. Ал қосымша төлемдерді есептегенде от­­ба­сының жалпы бір айлық табысы 114 448 теңгені құрайды.

Балаларға берілетін 21 мың теңге­ден бөлек, ата-анасына да қосым­ша ақы төленеді. Осы уақытқа дейін атау­лы кө­мекті бір адамға шаққанда күн­­көріс дең­гейінің 50 пайызынан, яғни 14 849 теңге­ден аспайтын отбасылар алса, енді Прези­дент тапсырма­сы бойынша аталған көрсет­кіш 70 па­­йызға, яғни 20 789 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Демек, көп балалы от­ба­сының жалпы табысын әрбір адамға бөлгенде ақшаның сома­сы күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, яғ­ни 20 789 тең­геге жетпесе, әр ба­лаға 21 мың тең­ге­нің жәрдемақысы бе­ріледі. Егер от­басы­­ның әр мүше­сіне шаққанда табыс күн­­көріс дең­­гейінен (70 пайыздан) төмен бол­са, айыр­­машылық 10 мың теңге бо­ла ма, 7 мың теңге бола ма, ата-анасына қосымша тө­­ленеді. Одан кейінгі ең үлкен жеңілдік, бұ­­рын табысты есептегенде «Алтын алқа», «Күміс алқа», көп балаға берілетін жәр­де­м­ақы, мүгедектердің жәрдемақысы мен сти­пендиясы саналатын. Енді оның бәрі есепке алынбайды. Барлық заңдар мен қаулыларға өзгеріс енгізуіміз керек. Сөй­тіп, оның барлығын Парламентке өт­кіземіз. Жәрдемақы 1 шілдеден бастап төлене бастайды.

Бердібек САПАРБАЕВ,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі