Астанада 10 көппәтерлі тұрғын үйдің сумен жабдықтау жүйесі қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, 2 наурызда сағат 04:00-де Bi Group құрылыс компаниясының меншігіндегі 10 көппәтерлі тұрғын үйдің су құбыры жарылды.
«Сағат 10:30-да су құбыры жарылып, сағат 11:40-та екінші желі арқылы су беру қалпына келтірілді. Құбырдың жарылу салдарын жоюға «Астана су арнасы» МКК-нің 4 апаттық бригадасы жұмылдырылды, Bi Group компаниясы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», - делінген хабарламада.