• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2012

Байқаушылар бағасы

299 рет
көрсетілді

Байқаушылар бағасы

Жұма, 20 қаңтар 2012 7:28

Айвар ЭНДЗИНЬШ, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының мүшесі:– Сайлау күнгі ұйымдастыру барлық учас­келерде шын мәнінде өте жоғары деңгейде болды. Сайлау комиссияларының мүшелері барлық ережелерді сақтады. Ең бастысы – сайлаушылардың – ішінде жастары, кәрілері бар – үлкен белсенділігі қуантты.

Жұма, 20 қаңтар 2012 7:28

Айвар ЭНДЗИНЬШ, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының мүшесі:– Сайлау күнгі ұйымдастыру барлық учас­келерде шын мәнінде өте жоғары деңгейде болды. Сайлау комиссияларының мүшелері барлық ережелерді сақтады. Ең бастысы – сайлаушылардың – ішінде жастары, кәрілері бар – үлкен белсенділігі қуантты.

Ариэль КОЭН, «Мирас қорының» аға ғылыми қызметкері (АҚШ):– Біз кейбір кандидаттармен кездестік. Менің ешкімді де ренжіткім келмейді, бірақ өзге партиялардың неге жеңіліс тапқанын айтуға тиіспін. АҚШ-тағы, Франциядағы және Германиядағы көптеген саясаткерлермен таныс адам ретінде сөз саптайтын болсам, кейбір партиялардан сайлаушылардың сенімін аулайтындай деңгейді көрген жоқпын. Олардың ұстанымдары, тұғырнамалары өкілдері Парламентте отыратындай деңгейге көтерілмегені анық.

Рамиль ХАСАН, ТүркПА Бас хатшысы:– Сайлау жоғары деңгейде, Қазақстан заңнамаларына сәйкес өтті. Біздің бағыты­мыз – бұл демократияны, адам құқын нығайту мен дамыту. Және біз бүкіләлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның демокра­тия­лық сайлау өткізе алатынын жария ететін боламыз.

Венделин ЭТМАЙЕР, халықаралық байқаушы (Австрия):– Сайлау халықаралық тәжірибеге және халықаралық стандарттарға толық сәйкес өтті деп айтуға тиіспін. Өйткені, мен қаланың әр шалғайындағы бірнеше сайлау учаскесінде болдым. Біз дауыс беру үдерісін барлық қырынан өте мұқият қадағаладық. Сайлауға адамдардың түрлі категориялары келіп қатысты. Осыған орай біз зерттеу тіпті, мүмкін, төрелік жүргіздік. Өзіміздің міндетімізге үлкен жауапкершілікпен келдік және объективті көзқарас танытуға ұмтылдық. Нәтижесі жаман емес. Негізінен, дауыс берудің техникалық өлшемдері мен техникалық аспектілері тұрғысынан алғанда, сайлау халықаралық стандарттарға толық көлемінде сәйкестігімен ерекшеленді.

Александр ПИКЕР, халықаралық байқаушы (Австрия):– Сайлаудың ұйымдастырылуы өте тамаша деңгейде. Оған дайындықтың жақсы жүргізілгені де көзге ұрып тұр. Біз барлық нұсқаулықтарды көрдік, адамдар не істейтінін айтпай-ақ біліп, дауыс беріп жатты. Мен үшін көптеген байқаушылар да, халықаралық байқаушылар ғана емес, жергіліктілері де, арасында жастары да көп, бәрінде де жақсы дайындық бары байқалды. Түйіп айтқанда, сайлауға дайындық та, өту барысы да көңілден шықты.