• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2019

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалын жою мақсатындағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

1112 рет
көрсетілді

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар Созақ ауданында өтті. Оған облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Созақ аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болды. Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Созақ ауданының полиция бөлімі атсалысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейдтік шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан қоғамдық көліктерге қатысты хаттама түзілді.Бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі.