• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Наурыз, 2019

Қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыларға үй сыйлады

1551 рет
көрсетілді

1 Наурыз – Алғыс айту күні Талдықорған қаласында қайырымдылық шарасы өтіп, екі көп балалы отбасы баспаналы болды.

Игілікті шараны «Зекет» қоры мен «Жетісу шапағаты» қоры «Жетісу еріктілері» тобымен бірлесіп атқарып, Ақсу ауданы Қапал ауылынан және Талдықорған қаласы маңынан екі үй сатып алған екен. «Зекет» қорының бастамасымен сатып алған үйдің кілті Қапал ауылындағы алты балалы Сауданбековтер отбасына тарту етілсе, «Жетісу шапағаты» қорының қаржысына «Қызылтас» саяжайынан алынған үй жалғызбасты мұқтаж ана  Марина Мұқашеваға берілді.

- Қоғамда жақсы адамдар көп, жомарт жүрек жандар бар. Солардың көмегімен «Жетісу шапағаты» қоғамдық қайырымдылық қоры облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанынан құрылған «Жетісу» еріктілерімен бірлесіп, бір үй алайық деп шештік. Оны бұған дейін үш баласымен қора-қопсыда тұрып келген Маринаға сыйладық. Осы хан сарайындай үйдің кілтін табыстау менің маңдайыма бұйырыпты. Бұл сәтте ананың жанарындағы қуаныштың көз жасына жүрегі бар адамдардың бәрі тебіренді. Кештен кейін маған бір азамат жолықты. Қала маңында, ауылдық жерде үйдің бағасы қанша екенін сұрады. Өзім көріп-біліп жүрген бағаны айттым. Алдағы уақытта бір-екі үйге көмектесетінін айтып, біздің қормен бірге жұмыс істейтінін жеткізді, - дейді «Жетісу шапағаты» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы, ақын Жұматай Оспанұлы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы