• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2019

Жастардың 1 100 әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалары қолдауға ие болмақ

1132 рет
көрсетілді

Жастар корпусын дамыту жобасы барысында Қазақстанның 4 облысы мен Астана Алматы қалалары жастарына 1 млн. теңгеге дейін көмек көрсетіліп, кемінде 1 100 әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалары қолдауға ие болады.

«Аталған жоба іске асырылған екі жыл ішінде 5508 жас азаматтар 1616 әлеуметтік жоба жасалғанын атап өткім келеді. 2019 жылы Жоба Ақмола, Атырау, Батыс Қазастан, Маңғыстау және Алматы, Астана қалаларында іске асырылады. Аталған аймақтарда 3500 жас талапкерлер мен 1100-ге жуық әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалар қаржыландырылады деп жоспарлануда. Әрбір грантқа 1 млн. теңге бөлінеді деп көзделген», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсәриев.

Байқаудан сүрінбей өткен жастарға өз әлеуметтік жобалары үшін жоғары білімі барлары үшін 60 мың және орта білімі не колледж тәмамдағандар үшін 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі.

Бұл жастардың әлеуметтік жобасын іске асыру барысында менторлардың қолдауына ие болады.

Айта кетсек, бұл - Жастар корпусын дамыту жобасының үшінші кезеңі. Жоба 2017 жылдан бастап, Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта жоба 2020 жылға дейін іске асырылады және оның аясында 8500 қазақстандық жастар қамтылады деп болжанып отыр.