• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 05 Наурыз, 2019

Арман Оспанов Мәскеуде айқасады

1278 рет
көрсетілді

Ережесіз жекпе-жек өнерінің хас шебері Арман Оспанов өзінің келесі кездесуін 27 сәуірде Мәскеуде өткізеді. АСА 95 турнирінде қазақ спортшысы германиялық Лом-Әли Эскиевпен күш сынасады.

Жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанып, ережесіз жекпе-жектен бірқатар турнирлерде топ жарған 29 жастағы Арман Оспанов кәсіпқойлар арасындағы алғашқы сегіз кездесуінде айқын жеңіске қол жеткізіп,  миллиондаған жанкүйерлердің көзайымына айналған еді. 2017 жылдың мамыр айында қандасымыз жапониялық Тайчи Накаяманы теуіп құлатқаны жадымызда. АСА ұйымы шығарған жыл қорытыныдысы бойынша сол соққы «Ең үздік нокаут» деп танылды.

Өкінішке қарай, соңғы екі бәсекеде Арман өз қарсыластарына есе жіберді. Ол бразилиялық Тиаго Сильва мен ресейлік Алексей Полпудниковтан ұтылды. Міне, енді араға 1,5 жылға жуық уақыт салып, қазақ спортшысы айқас алаңына қайта шыққалы отыр.

Лом-Әли Эскиев 24 наурызда 27 жасқа толады. Осы спорт түрін серік еткен жеті жылдан аса уақыт аралығында Германияның өкілі 19 кездесу өткізіп, 14 мәрте жеңіске жетті. Тағы бір бәсекенің нәтижесі есепке алынған жоқ. Өзінің соңғы жекпе-жегін ол былтырғы жылдың 8 қыркүйегінде ресейлік Мұхаммед Коковқа қарсы өткізіп, ұпай санымен ұтылды. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»