• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2019

DP World: Қазақстанның мықты экономикалық базасына инвестиция салуды жалғастыра береміз

936 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Dubai Port World (DP World) компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемнің кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында DP World жаңа инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде қазақстандық порттарда және логистикалық секторда іске асырылып жатқан жобаларға инвестиция салу келешегіне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Үкіметі мен DP World арасында «Ақтау теңіз порты» және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтары туралы екі шекті келісімге қол қойылды.

Қазіргі таңда DP World Каспий теңізіндегі негізгі жүк терминалы және қоймасы — Ақтау портына, сондай-ақ, Қазақстан–Қытай шекарасында орналасқан және трансеуразиялық жүк пойыздарының бастапқы транзиттік пункті саналатын «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға басқару саласында қызмет көрсетеді.

Екі нысан да Жаңа Жібек жолында сауда байланыстарын жетілдіруде маңызды рөл атқарады және DP World Қазақстан мен Дубай арасындағы бизнес байланыстарының нығаюына белсене ықпалын тигізе беретін болады.

«Біздің логистика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы сауданы жақсартуға мүмкіндік беретін кәсіби шеберлігіміз бұл нысандарды Қазақстанда салудан ауқымды тиімділікке ие болады, әрі, жергілікті бизнеске де септігін тигізеді. Қазақстанның экономикалық базасы өте мықты екенін білеміз, сондықтан бұл жерде инвестиция салуды жалғастырғымыз келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігі мен ілгерінді саясаты Қиыр Шығыс пен Еуропаның арасында байланыс орнатуға негіз болды және “Қорғас” ішкі контейнерлік қоймасы мен АЭА осы үрдістегі басты рөлін қамтамасыз етті», — деді DP World Group төрағасы, атқарушы директоры Сұлтан Ахмед бин Сулайем.

Dubai Port World бүгінгі таңда 6 құрлықта 78 терминалда операциялар жүргізеді. Бұл үлкендігі жағынан әлемдегі 3-порт операторы. Компанияның жиынтық кірісі 2017 жылы $4 млрд астам құрады.