• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2012

Сирия дағдарысын реттеуге жіберілді

305 рет
көрсетілді

Сирия дағдарысын реттеуге жіберілді

Сенбі, 25 ақпан 2012 7:44

БҰҰ Сириядағы дағдарысты реттеуге Ұйымның бұ­рын­ғы бас хатшысы Кофи Аннанды жіберді. Ол БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының арнайы өкілі ретінде Сирия бас­шылығы мен оппозициясы арасындағы жанжалды бейбіт шешуге қол жеткізуі тиіс.

 

Сенбі, 25 ақпан 2012 7:44

БҰҰ Сириядағы дағдарысты реттеуге Ұйымның бұ­рын­ғы бас хатшысы Кофи Аннанды жіберді. Ол БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының арнайы өкілі ретінде Сирия бас­шылығы мен оппозициясы арасындағы жанжалды бейбіт шешуге қол жеткізуі тиіс.

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Сирия халқының демо­кратиялық талаптарына жауап беріп, проблеманы шешуге қол жеткізе алады деп күтіліп отыр. Ол үшін К.Аннан Сирия үкіметімен ел оппозициялық күштерінің барлық мәсе­лелері бойынша саяси үнқатысуына жол таба білуі керек. Сөйтіп, бұрынғы бас хатшыға үлкен жауапкершілік жүктелген.

 

Обама Карзайдың алдында кешірім өтінді

Бұған дейін Ауғанстандағы НАТО бітімгершілерінің құрамында жүрген АҚШ әскерилерінің ислам құндылық­тарын қорлағаны үшін осындағы АҚШ әске­рилерінің қолбасшысы Ауғанстан пре­зиденті мен халқынан кешірім өтін­генін хабарлаған болатынбыз.

Енді құран көшірмелерін өртеп, басқа да ислам дініне қатысты дүниеліктерді өртеген жеңіл, үстірт ойлайтын солдаттар үшін Ауғанстан президенті мен халқынан АҚШ прези­денті Барак Обаманың өзі кешірім сұрауға мәжбүр болды. Б.Обама болған оқиғаға өкінетінін жеткізе келіп, солдат­тардың аталған қадамға әдейі бармағанын атап өткен және істі тергеуге уәде берген.

 

Адамзатқа қарсы қылмыс санайды

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің комис­сия­сы Сирия президенті Башар Асадтың режімін адам­затқа қарсы қылмыс жасауда деп айыптады. Комис­сияның қолында мұндай қылмыстарға қатысы бар адам­дардың құпия тізімі де бар көрінеді.

Осы ақпаратты таратқан The Daily Telegraph агенттігінің ақпараты бойынша, бұл жерде әңгіме тұрғын үйлерді артиллериядан атқылау, ауруханаларда жаралы оппозицияшыларды қинау мен әйелдерге және балаларға оқ ату туралы болып отыр. Ал комиссияның қылмыстарға нақты кімдерді кінәлайтыны айтылмайды.

 

Көпшілігі жеңіс Путиндікі дейді

Ресейліктердің 80 пайызы прези­дент­­тік сайлауда «Біртұтас Ресейден» кандидат Владимир Путин жеңіске жетеді деп санайды. 17-20 ақпан ара­лығында 130 елді мекенде жүргізілген сауалдамаға 1600 адам тартылыпты. Олардың 66 пайызы өз дауыстарын Путинге беретіндіктерін мәлімдеген.

Ресей коммунистерінің серкесі Геннадий Зюгановқа сұралғандардың 15 пайызы дауыс бермек көрінеді. Либерал-демократтардың көсемі Владимир Жириновский сайлау­шылардың шамамен 8 пайыз дауысына ғана  үміт арта алады екен. Ал Михаил Прохоровқа берілетін дауыс – 6, «Әділетті Ресей» серкесі Сергей Мироновқа  5 пайыздан аспайтын секілді.

 

Грузия талабын орындаудан бас тартты

Ресей Федерациясының тергеу комитеті Грузияның 2008 жылғы соғыс кезінде Ресей әскерилерінің іс-қимыл­дарына байланысты айыптауларын қабылдамай тастады. РФ ТК-нің ресми өкілі Владимир Маркин грузин тарабының мәлімдемелері шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Маркиннің айтуынша, куәгерлер ретінде сұраулар барысында Грузияның әскери қызметшілері, сондай-ақ бейбіт тұрғындары, оның ішінде этностық грузиндер де бар, Ресей әскерилерінің қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттері туралы шағымдар жасамаған. Осылайша Ресей тарабы Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты қарап жатқан іске кінәлары жоқ екендерін жария етті.

 

Ирактағы құрбандар саны 60-қа жетті

23 ақпанда жасалған Ирактағы лаң­кес­тіктің салдарынан опат болғандар саны 60 адамға жетті. Жара­­ланғандар 100-ден асып кетті. Лаңкестік ел астанасы Бағдад және басқа да қалаларда жасалған болатын.  Шабуылдар негізінен шиит аудандарында ұйымдастырылды.

Лаңкестердің көз тіккен басты нысандары полиция учас­келері болған. Күні бүгінге дейін лаңкестікке жауапкер­ші­лікті ешқандай топ өзіне алған жоқ. Жалпы, елде билеуші шиит көпшілігі мен сүннит азшылығы арасындағы саяси қарсы тұрушылық соңғы кездері жаңаша күш алғандай. Мәселен, қаңтардағы лаңкестік салдарынан елде 100-ден астам адам көз жұмса, өткен жылдың желтоқсанында 50 адам­нан асып түскен еді.

Қысқа қайырып айтқанда:

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың таяудағы президенттік сайлауда жеңіске жеткені белгілі. Бүгінде ол өзінің инаугурациясына қатты дайындалып жатыр. Дайындық оған қатысатын көпшілік талып-жығылғанша жүруде екен. 

Армения президенті Серж Саргсян елдегі парламенттік сай­лаудың күнін белгіледі. Президенттің жарлығына сәйкес, республиканың ұлттық жиналысына сайлау үстіміздегі жыл­дың 6 мамырында өтетін болады.

Каирде Мысыр президенттігіне кандидаттардың бірі – исламист Әбдел Монеим Абдул Фатухқа белгісіздер шабуыл жасаған. Басына тиген соққыдан оның миы шайқалыпты. Сондай-ақ сая­сат­кердің жүргізушісі де зардап шеккен.

Американың түрмесінде қаза тапқан хоккейден украиналық жаттықтырушы Иван Правилов өз-өзіне қол жұмсады деп таныл­­­­ды. Ол педофилия бойынша айыпталған болатын. Сот-меди­циналық сарапшы оның камерада асылып қалғанын айтады.

Санкт-Петербургте «Әділетті сайлау үшін» акциясын тал­қылау атыспен аяқталды. Ұйымдастыру комитеті шараны 25 ақпанда өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ ұйымдастырушылар арасында өзара жанжал шығып, соның нәтижесінде газ тапаншалары қолданылған.

 Интернет материалдары негізінде әзірленді.