• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2019

Сенат депутаттары Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданына барды

1050 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданында болды.

Тасқала әкімдігінің мәжіліс залында өткен аудан активімен кездесуде сенаторлар «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы жария еткен әлеуметтік басталамар жайында жан-жақты түсіндіріп, айтып берді. Депутат Е.Мұқаев мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары мен көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау шаралары және жастар саясатының басты мәселелеріне тоқталды.

Тасқала ауданының әкімі аймақ экономикасының көрсеткіштерімен таныстырып, 2018 жылдың қорытындылары туралы хабардар етті.

Сенаторлар сондай-ақ Тасқала аудандық ауруханасында болып, еңбек ұжымымен кездесті.