• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2019

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары әзірленуде

1156 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары әзірленуде. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша шара ретінде өз иелігінде қымбат емес тұрғын үйдің болуын қалайтын көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға дейін 2%-бен жеңілдетілген кредит беру мәселесі пысықталуда.

Аталған тетік ең төмен жалақыдан төмен табысы бар (42,5 мың теңге), жағдайы төмен отбасыларға ұсынылатын болады. 

Осындай кредит: 

1) 4 баладан бастап баласы бар көп балалы отбасыларға; 

2) мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға; 

3) кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға берілетін болады.

Бұл мақсаттар үшін 3 жыл ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 50 млрд. теңгеден бӛлінетін болады, жалпы осы тетікті іске асыру үшін 150 млрд. теңге қажет. 

Нәтижесінде 33 мыңға жуық жағдайы тӛмен отбасылар жеңілдетілген қарыз ала алады.