• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2019

Сенат депутаттары әлеуметтік бағдарламаларды түсіндіріп жүр

984 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі берген тапсырмаларын насихаттау бойынша ҚР Парламенті сенатының депутаттары Дархан Сатыбалды және Нұрлан Бекназаров Шымкентке ic-cапармен келдi.

Сенаторлар алдымен шаһарға қарасты Сәуле шағынауданындағы 2017 жылы пайдалануға берiлген №129 мектептiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты. Мектептегi қауiпсiздiк жүйелерi, асхана, спорт, мәжiлic залын аралап көрдi. Сондай-ақ, бiлiм сапасы, мұғалiмдердiң жалақысы мәселелерiнен хабардар болды.

Іс-сапар барысында астаналықтар  Қонаев даңғылының жалғасы бойынша салынып жатқан Бадам өзенiндегі көпірдің құрылысымен танысты. Қонаев даңғылы мен Ташкент бағытын жалғайтын жол бөлігінің 3 кезеңі басталған. Соның бiрi - осы Бадам өзенiндегi көпiр құрылысы. Жобаның жалпы құны - 21 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда өзеннің екі жағалауын абаттандыру жұмыстарының екінші кезеңі қайта басталды. Бұл жолы мердігерлер Мұнай өңдеу зауыты маңынан Қаратөбе елді мекеніндегі көпір аралығын бетондайды.

Қарқынды құрылыс жұмыстарымен танысқан халық қалаулылары «Нұр Отан» партиясының сьезiнде, Елбасы Жолдауында айтылған мiндеттердi атап өтiп, құрылыс барысы заң аясында жүруi тиic екенін айтты. Әрі, құрылысы жүрiп жатқан А 2 ескi айналма жолы, Қызылорда бағытындағы жол құрылыстарының жұмысымен танысты.

Елбасының төрағалығымен өткен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңесте айтылған тапсырмаларды жергілікті өңірлерде түсіндіруді мақсат еткен  депутаттар  мегаполис тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Кездесуде басты тақырып әлеуметтік салаға қатысты болып, ұлт Көшбасшысы айтқан көпбалалы отбасылардың балаларына төленетін жәрдемақыны алу жолдары егжей-тегжей түсіндірілді. Шымкенттік сенаторлар әр тұрғынның мәселесін жеке-жеке тыңдап, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.

Жетекші партия сьезiнде Президент  ірі қалаларда баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінетіндігін, көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынатындығын жеткізген болатын. Енді республика бойынша көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен жыл сайын тағы 50 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлануда екен.

Бүгінде үшінші мегаполисте бұл тапсырмалар бойынша жұмыстар басталып кетті. Шаһар іргесінен бой көтерген «Шымкент Сити» ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы көбейіп  келеді.

Шымшаһардағы баспана мәселесіне баса назар аударған депутаттар «Шымкент Сити», Тұран шағынаудандарындағы көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент