Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қазақстанда тіркелген ТМД-ға мүше мемлекеттердің және Грузия дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Беларусь Елшісі Анатолий Ничкасов, Ресей Елшісі Алексей Бородавкин, Украина Елшісі Иван Кулеба, Өзбекстан Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Қырғызстан Елшісі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Елшісі Хайрулло Ибодзода, Түрікменстан Елшісі Тойлы Комеков, Әзербайжан Елшісі Рашад Маммадов, Армения Елшісі Гагик Галачян, Грузия Елшісі Зураб Абашидзе қатысты.
Министр аталған мемлекеттермен жан-жақты қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басты басымдықтарының қатарына кіретінін атап өтті. Сенімді және конструктивті өзара іс-қимылдың жолға қойылған деңгейі ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
«Бізге сауда-экономикалық ынтымақтастық спектрін кеңейту үшін елдеріміздің географиялық жақындығын және өңірдің көліктік-логистикалық мүмкіндіктерін, сондай-ақ қажетті тауарлар мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі бірлескен кооперацияны барынша пайдалану қажет», - деді СІМ басшысы.
Елшілер өз сөздерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер арасындағы шынайы достық қарым-қатынастарды орнатудағы жасампаздық рөлін және оған тарихи қалыптасқан тату көршілік дәстүрге айналған, біздің елдеріміздің басшылары арасында шынайы диалогқа ықпал ететін атап өтті.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында бірлескен жұмыстың жоғары қарқынын қолдау қажеттілігі айтылды.
Кездесу барысында өткен жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, сыртқы экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға баса назар аудара отырып, алдағы перспективаға арналған жоспарлар белгіленіп, көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі басымдықтар айқындалды.
Өңірлік және интеграциялық мәселелерді қарау шеңберінде Б.Атамқұлов Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастарды нығайту мен жандандыруды оң сипаттап, ТМД, Еуразия экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты интеграциялық құрылымдардың маңызды рөлі атап өтілді.