• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2019

Бұлан атқан браконьерлер ұсталды

1276 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданында жол талғамайтын төрт көлікпен заңсыз аң аулап жүрген 5 браконьер қолға түсті.

Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері олардың автокөліктерін тінткен кезде бірнеше мылтық пен бес қапқа салынған ет тапты. Алдын ала болжам бойынша, қаптағы ет бұландікі болуы мүмкін.

Ұсталған сұғанақ аңшылардың төртеуі Астананың тұрғыны, біреуі қарағандылық болып шықты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қарағанды»

Қарағанды