• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2012

Штаб-пәтерге шабуыл жасалды

322 рет
көрсетілді

Штаб-пәтерге шабуыл жасалды

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 8:00

Брюссельде полиция НАТО-ның штаб-пәтеріне шабуыл жасаған 483 адамды қамауға алды.

«НАТО, ойын аяқталды» деп аталған күш көрсетпеу акциясына Еуропаның Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция, Ұлыбритания, Финляндия, Швейцария, Түркия, Италия, Португалия және Испания сияқты 11 елінен 800 тарта бейбіт­ші­лікті жақтаушы белсенділер қатысқан. Біз Чикагода 20-21 мамырда өтетін НАТО елдері саммитіне жиналатын мемлекеттер басшыларына: зымыранға қарсы қорғанысты қаламаймыз,  Ливияда немесе Ауғанстанда НАТО солдаты болғанын қа­ламаймыз, ядролық қарулануды қаламаймыз дегенді білдірмекпіз, деп мәлімдеген акцияға қатысушылар.

 

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 8:00

Брюссельде полиция НАТО-ның штаб-пәтеріне шабуыл жасаған 483 адамды қамауға алды.

«НАТО, ойын аяқталды» деп аталған күш көрсетпеу акциясына Еуропаның Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция, Ұлыбритания, Финляндия, Швейцария, Түркия, Италия, Португалия және Испания сияқты 11 елінен 800 тарта бейбіт­ші­лікті жақтаушы белсенділер қатысқан. Біз Чикагода 20-21 мамырда өтетін НАТО елдері саммитіне жиналатын мемлекеттер басшыларына: зымыранға қарсы қорғанысты қаламаймыз,  Ливияда немесе Ауғанстанда НАТО солдаты болғанын қа­ламаймыз, ядролық қарулануды қаламаймыз дегенді білдірмекпіз, деп мәлімдеген акцияға қатысушылар.

Бомбалау зор зардаптар әкелмек

Түрік премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған Иран аумағындағы ядролық өнеркәсіп нысандарын бомбалау бүкіл өңір үшін күйреткіш зардаптар әкелуі мүмкін деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, Тель-Авивтің бұл жоспарының түптеп келгенде өзіне қатер төндіруі ғажап емес. Өйткені, ол соққы­ның зардаптары америкалықтардың Ирактағы операциялар кезіндегі соққылардан мүлде өзгеше болмақ. Осылай деп атап көрсеткен Түркия премьер-министрі аталған мәселе жөнінде өзінің АҚШ президенті Барак Обамамен әңгімелескенін де жеткізген.

Ассоциация  өз  кандидатын  ұсынды

Египеттік «Мұсылман бауырлар» ассоциация бас­шы­сының бірінші орынбасары Хейрат аш-Шатырды президент сайлауына кандидаттыққа ұсынды.

Ассоциацияның Шура мәжілісінде осындай шешім қа­был­данған. Онда кеңеске мүше 108 адамның 56-сы аш-Шатырды қолдап дауыс берген көрінеді. 61 жастағы Хейрат аш-Шатыр өзі 1974 жылдан бері мүшесі болып табылатын «Мұсылман бауырлар» ассоциациясының ең беделді мүшелерінің бірі болып саналады. Ол бизнес пен саяси қызметте де үлкен жетістіктерге қол жеткізген көрінеді.

Оппозициялық партияның жеңісі

Мьянмада оппозиция көсемі Аун Сан Су Чжи өткен сайлауда өз партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Оппозициядағы Демократия жолындағы ұлттық лиганың мәлімдеуінше, партия көсемі Аун Сан Су Чжи мен партияның өзге де кандидаттары парламент пен жергілікті ассамблеяларда көптеген орындарға ие болған. Елдің ең ірі қаласы Янгонда партияның мыңнан астам жақтаушылары штаб-пәтердің алдына жиналып, партияны жеңіске жетуімен құттықтаған. Сонымен бірге, әскерилермен тығыз байланыстағы билік партиясының әлі де болса парламенттегі басымдықты сақтап қалғанын да айта кету қажет.

Антикапиталистер акциясы өтті

Франкфуртте капиталистерге қар­сы ұйымдастырылған жаппай ереуіл­дер соңы тәртіпсіздік­термен аяқталды.

Оған полициямен болған қақтығыстар жаппай бүлдірулер мен қиратуларға ұла­сып кетуі себепкер болды. Ереуілшілер Еуро­па орталық банкінің ғимаратына бояулар жағып, полиция автомобильдерін қи­рат­қан. Қақтығыстар салдарынан көптеген адамдар дене жа­ра­қаттарын алған, олардың 15-і полиция қызметкерлері. Сонымен бірге, 465 ереуілшінің қамауға алынғанын да айта кету қажет.

Туарегтер шабуылға шықты

Малиде ереуілші-туарегтер әскери хунтаның бақы­лауында тұрған елдің солтүстік-шығысындағы ірі қала – Тимбуктуды басып алды.

Куәгерлердің айтуларына қарағанда, туарегтер әуежайды, әкімшілік ғимараттар мен әскери лагерьді басып алған. Ереуілшілер қалада жүргенде қолдарына Азавадты азат ету жөніндегі ұлттық қозғалыс туын ұстап жүрген. Бұған дейін туарегтер елдің солтүстігіндегі стратегиялық екі маңызды қала – Кидал мен Гаоны басып алған болатын. Төңкеріс нәтижесінде билікке ие болған әскери хунта конституцияның күшін тоқтату туралы өз шешімінен бас тартып отыр.

Брейвик миллионер болып шықты

Норвегиялық терроршы Андерс Брейвикке қарсы жаңа айыптаулардың пайда болуы мүмкін.

Тергеу барысында анықталғанындай, осыдан 10 жыл бұрын жасанды аттестаттар сатумен айналыса жүріп ол нағыз астыртын миллионерге айналған көрінеді. Брейвик өзінің өзге елдердегі құпия есеп-шоттарында 4 миллион кронға жуық ақша жинаған. Бұл шамамен 700 мың долларды құрайды. Осло мен Утойя аралында террорлық акт жасауға дайындық шараларына да осы ақша пайдаланылған деген күдік бар. Лас ақшаны заңдастыруда терроршыға оның анасы көмектескен көрінеді.

Хашеми катарды паналады

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ирак­тың биліктен қашып жүрген вице-президенті Тарик Хашеми Катар­ға келген көрінеді.

Хашемидің хатшылығының, сондай-ақ Катардың ресми жаңалықтар агенттігінің мәліметтері бойынша, ол бұл елге келмес бұрын бірнеше ай Ирактағы күрдтер тұратын өңірде жасырынған. Ол аталған өңірге өткен жылдың соңында оны тұтқындауға ордер берілгеннен кейін келген көрінеді. Ирактағы неғұрлым ықпалды сүнниттік саясаткер болып саналатын Хашемиге «ажал эскадронын» ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Іздестіру жұмыстары аяқталды

Құтқарушылар Түмен қаласында апатқа ұшыраған  АТR-72 ұшағы құлаған жердегі іздестіру жұмыстарын аяқтады.

Әуе апаты салдарынан 31 адам, оның ішінде бүкіл экипаж мүшелері қаза тапты. 12 адам ауыр жағдайда ауруханаларға жеткізілген. Апат фактісі бойынша Ресей қылмыстық кодексінің 263-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Ұшудағы, жердегі қызметтердің қателігі мен техникалық ақау оқиғаның орын алуының басты себептері ретінде қарастырылып отыр. Тергеушілер бүгінде оқиғаны көзбен көрген адамдарды іздестіруде.

Интернет материалдары  бойынша әзірленді.