• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2019

ШҚО Зайсан ауданының тұрғыны көпбалалы отбасыға баспана алып берді

1435 рет
көрсетілді

Зайсан ауданы Қаратал ауылының тұрғыны Сәулеш Абылғожина - «Алтын алқа иегері», жеті баланың анасы.

Жұбайы өмірден озған қайсар жан бүгінде қиындыққа мойымай, отбасылық бизнесті қолға алып, жиырмадан астам адам еңбек ететін «Ақбай» асылтұқымды шаруа қожалығын басқарып отыр. «Көпбалалы отбасыларындағы жағдайды бір кісідей түсінемін. Мемлекеттің оларға қолдау көрсетіп жатқаны, әлбетте, қуантады. Әсіресе, аз қамтылған топтағыларға. Өзім де мүмкіндігіме қарай көмектесіп тұрамын. Мәселен, өткен жылы ауылымдағы көпбалалы жанұяға баспана алып бердім.  Бүгін біз сияқты ата-аналарға төменгі пайыздық несие беретінін естідім. Осы мүмкіндікті қолдана отырып, балабақша ашсам деймін», деді ол жақында Өскеменде өткен облыстық актив отырысында.

Азамат ҚАСЫМ,

EgemenQazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы