Атырау облысында сарышаян бөгет салып жүрген еріктінің сол қолын шағып алды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сарышаян шаққан еріктіге шұғыл көмек көрсетілді.
«Сарышаян еріктінің сол қолын шағып алды. Еріктіге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушы-дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.