• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2019

Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

943 рет
көрсетілді

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, 25 адам, соның ішінде төрт бала құтқарылды деп хабарлайды  қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін күндізгі 11:16-да Орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне Құбайдербіұлы көшесі, 31/1 үйден өрт тұтанғаны туралы хабар келген. Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінде жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар өртеніп жатқанын анықтайды.

Жалын 20 шаршы метр ауданды шарпыған. Қою түтін адамдарға қауіп төндіргендіктен, құтқарушылар үй тұрғындарын эвакуациялауға шешім қабылдайды. Өрт сөндірушілер автобаспалдақ арқылы 25 адамды, соның ішінде 4 баланы құтқарып, 50 адамды, соның ішінде 12 баланы эвакуациялаған. Өрт 11:33-те толықтай сөндірілді. Қазір апат себептері тексеріліп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 25 қызметкері және 7 техника жұмылдырылған.