• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Наурыз, 2019

Қарағандылық теннисші абсолютті чемпион атанды

895 рет
көрсетілді

Астанада теннистен өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 128 спортшы қатысып, жарыс жүлделерін сарапқа салды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі Григорий Ломакин бұл турнирде  тамаша өнер көрсетіп, еліміздің абсолютті чемпион атанды. Әуелі ол жекелей сында үздік шығып, одан кейін астаналық Сағадат Аяппен жұп құрап, бұл сайыста да алтын медаль иегері атанды.

1999 жылы дүниеге келген Григорий Ломакин үлкен тенниспен алты жасынан бері айналысады. Жеке бапкері Владислав Шегайдың қарамағында жаттығады. Қазақстанның су жаңа абсолютті чемпионы қазіргі уақытта ел құрамасының сапында Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында жүр.

Аталған чемпионатта Қарағанды облысынан 6 спортшы өнер көрсетті.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды