2018 жылы бұл көрсеткіш 5,8%-ға дейін өсіп, 4,5 млн жолаушыны құрады, деп xабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл ретте халықаралық рейстердегі жолаушылар саны 1,8 млн адамға жетті, транзиттік жолаушылар ағыны 14%-ға жетті.
Әкімдіктегі кезеті отырыста инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров хабарлағандай, қазіргі уақытта ақпарат алмасу жүйесін жақсарту және қызмет көрсетілген келушілер бойынша өзекті деректерді ұсыну, соның ішінде Booking, Airbnb және т.б. мәліметтерді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«2017 жылы Астана қаласында туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясы әзірленді. Стратегия шеңберінде нысаналы нарықтар мен дамудың басым бағыттары айқындалған. Қазіргі таңда қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын өзектендіру аясында 2025 жылға дейін «Туризм» секторын дамыту бойынша жол картасы әзірленіп жатыр», - деді Ә.Әбдіқадыров.
Оның айтуынша, туризмнің оқиғалы бағытын дамыту басымдыққа ие болады. Елордада жобалардың тізімін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, оларды іске асыру қаланың туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
2018 жылы елордада 700-ге жуық іс-шара өткізілді. Бұл ретте жыл сайын өткізілген іс-шаралар саны орта есеппен 10%-ға, соның ішінде іскерлік іс-шаралар саны көбейеді.
«Астана жеке капитал есебінен өткізілетін халықаралық іс-шаралар саны бойынша қалалар мен елдердің рейтингісін жыл сайын қалыптастыратын Орталық Азиядағы ICCA (конгрестер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығы) жалғыз мүшесі болып табылады», – деп атап өтті ол.