2019 жылдың 19 наурызы күні сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы 2019 жылғы өзгерістер» тақырыбында «Ашық есік» күні өтеді.
Іс-шараға қатысушылар жыл басынан бері болған барлық өзгерістер туралы ақмарат алып, өздерін толғандырған сауалдар бойынша кеңес ала алады.
«Ашық есік» күнінде мынадай мәселелер бойынша кеңес беріледі:
— жеке зейнетақы жинағын автоматты түрде ашу; — азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша жұмыс немесе қызмет көрсететін жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасын төлеу рәсімін жеңілдету, мынадай өзгерістер енгізілген; — Бірыңғай жиынтық төлем енгізу; — зейнетақы төлемін бекітілген кесте бойынша есептеу; — зейнетақы төлеуге өтініш жазу.
Шымкент