• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2019

Дмитрий Попко теннистен ITF Futures турнирінің финалында бақ сынады

836 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Анталиядағы (Түркия) халықаралық ITF Futures турнирінің финалында сүрінді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ақтық сында қазақстандық спортшы үш сет қорытындысы бойынша 4:6,7:5,2:6 есебімен ресейлік Иван Неделькоға есе жіберді. 

Ал іріктеу кезеңдерінде Попко колумбиялық Николас Меджия, бразилиялық Жордан До Кармо, түркиялық Бора Сенгул, ресейлік Андрей Чепелев сынды теннисшілерден басым түскен. 

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары.