• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2019

Сырдариядағы сең қозғалды

1123 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы әкімдігінде көктемгі су тасқынының қаупінің алдын алу мәселесі қаралды деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Қауіп жоқ емес. Көктемнің шуақты күндерімен бірге дарияның бетіндегі мұз еріп жатыр.

Жиында баяндама жасаған облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов:

– Қазіргі кезде «Шардара» су қоймасында 4 млрд 770 млн, «Көксарай» су реттегішінде 2 млрд 86 млн текше метр су жиналған. Облыс аумағына секундына 120 текше метр су келіп жатыр. Арал, Қазалыдан басқа аудандар мен Қызылорда қаласында өзен беті таза. Екі аудан аумағындағы мұздың орташа қалыңдығы – 10-40 сантиметр аралығында, – деді.

Былтыр Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішіне мол су түскенімен нағыз керек кезінде Қызылордалық дихандар дақылдарына су жеткізе алмай қатты қиналған еді.

Облыс басшысы биыл да ондай қауіптің болмауына кепілдік жоқ екендігін, мейілінше қоймаларға су жинап алудың жайын тапсырды.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы