Ақтөбе шекара отрядының «Әлімбет-авто» өткізу бекетінде шекарашылар ешқандай рұқсат қағаздарынсыз 10 тонна металл сынықтарын «МАЗ» автокөлігімен Ресейге қарай алып өтпек болған 1984 жылы туған Ресей азаматын ұстады. Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қостанай шекара отрядының «Қайрак-авто» бөлімшесінде шекара наряды біздің елімізден Ресейге қарай кетіп бара жатқан 26 жастағы қазақстандықтың жекеменшік «Жак» автокөлігінен қызыл кітапқа енгізілген жануар – архардың басын тауып алды. Ұсталған азамат айғақ затымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада.
Қордай шекара отрядының «Қарасу» өткізу пінктінде кеше, сағат 19-дар шамасында екі бірдей «Мерседенс-бенс» жүк көлігінің әрқайсысында 2000 килограмнан және «Хонда Одиссей» жүк көлгінде 500 кг ешқандай рұқсат қағаздарынсыз (жиыны 4500 кг) халық тұтынатын тауарларды Қазақстанға қарай алып кірмек болған 38, 34 жастағы екі қазақстандық және 38 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Тауарлар мен көліктер актіленіп Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.
«Осы отрядтың «Қордай-авто» өткізу пункітінде бүгін, түнгі сағат 1-лер шамасында жекеменшік «Ниссан Тиана» автокөлігімен Қырғыз Республикасынан біздің елімізге қарай, жалпы салмағы 468 кг кальянға арналған темекі өнімін заңсыз алып кірмекші болған Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Автокөлігі жүгімен бірге актіленіп, Қордай аудандық мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар таңғы сағат 5-тер шамасында 200 литрге жуық жанармайды «Мерседес-бенс» автокөлігімен біздің елімізден заңсыз алып шықпақшы болған 30 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.