• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2012

Экс-президентті кепілдікке босатты

400 рет
көрсетілді

Экс-президентті кепілдікке босатты

Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:04

Қамауға алынған Моңғолияның бұрынғы прези­­­денті Намбарын Энхбаярды кепіл ретінде тұтқын­нан босатты. Ол осы жылдың 13 сәуірінде жем­қор­­лық­қа салынған деген күдікпен қамауға алынған еді.

Ақпарат көздеріне қарағанда, Моңғолия билігі экс-пре­­зидентке ол президент болған кезде мемлекеттік актив­­терді заңсыз пайдаланды деп айыптайды. Ал оның жақ­тастары Н.Энхбаярға тағылған айып негізсіз, қамауға алы­нуына астарында шілдеде өтетін парламент сайлауы себеп болып отыр дейді. Сайлауға экс-президент жетекшілік ететін Моңғолия халық төңкерісі партиясы да қатысуға ниет білдірген көрінеді.

 

Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:04

Қамауға алынған Моңғолияның бұрынғы прези­­­денті Намбарын Энхбаярды кепіл ретінде тұтқын­нан босатты. Ол осы жылдың 13 сәуірінде жем­қор­­лық­қа салынған деген күдікпен қамауға алынған еді.

Ақпарат көздеріне қарағанда, Моңғолия билігі экс-пре­­зидентке ол президент болған кезде мемлекеттік актив­­терді заңсыз пайдаланды деп айыптайды. Ал оның жақ­тастары Н.Энхбаярға тағылған айып негізсіз, қамауға алы­нуына астарында шілдеде өтетін парламент сайлауы себеп болып отыр дейді. Сайлауға экс-президент жетекшілік ететін Моңғолия халық төңкерісі партиясы да қатысуға ниет білдірген көрінеді.

Сайланған президент ант берді

Кеше Елисей сарайының алаңында Францияның сайланған президенті Франсуа Олланд француз халқына ант берді. Сайлауда ол Николя Саркозимен президенттік бәсекеге түскен болатын.

«Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, ұлықтау салтанатына экс-прези­­дент Николя Саркози де қатысқан және ол билікті сайланған президентке тапсырған. Франсуа Олланд соңғы 17 жылда социалистерден сайланған алғашқы пре­зидент бо­лып отыр. Саясаттанушылардың пікірінше, Ф.Олланд­тың президенттік сайлауда жеңіске жетуі, оның жеке ба­сы­ның танымалдығында емес, бұрынғы президент Н.Сар­ко­­­­­зидің бірқатар экономикалық қателіктер жіберуін­де жатыр.

 

80 пайызға жаңартылуы мүмкін

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев президент Владимир Путинге үкіметтің құрылымы және үкіметтің жаңа құрамы жөнінде ұсыныспен шықты.

«Интерфакс» агенттігінің ақпараттары бойынша, премьер-министр үкімет мүшелігіне кандидаттардың барлы­­ғы­­­мен кездесу өткізген. Сондай-ақ ол парламенттік фракциямен болған кездесуде министрлер кабинеті 80 пайызға жаңартылатынын мәлімдеген еді. Соңғы апталарда Ресей үкіметінің құрамына бірқатар жаңа тұлғалардың келуі соны аңғартады.

 

Экс-министрдің өлі денесі табылды

Өзбекстан астанасы – Ташкентте елдің бұрынғы мәдениет және спорт министрі Анвар Жаббаровтың өлі денесі табылған. Бұл туралы жер­гі­лікті «Радио Свобода» хабарлады.

Аталған радиостансаның мәліметтері бойынша, пышақ жарақаттары бар Жаб­ба­ровтың денесі көп қабатты үйдің жер­­төлесінен табылған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, мар­құмның мәйіті қала­дағы фирмалардың бірінің офисінде жатқан. Ал Жаббаров 8 мамырда із-түзсіз жоғалған кө­рінеді. Оның өлімі Жаб­баровтың Қашқардария облы­сын­дағы жерлестерінен келді деген болжамдар айтылуда.

 

АҚШ тарапының қысымымен

Үндістан 2012-2013 қаржы жылдары Ираннан мұнай сатып алуды 11 пайызға қысқартады. Мұны Үндістан мұнай министрінің орынбасары Джармендр Прадхан хабарлады.

Ресми Нью-Дели осындай шешімге АҚШ тарапының қысымымен келіп отырған сияқты. Өйткені, өткен аптада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Үндіс­танға барып қайтқан еді. Бұл ел 2011-2012 жылдары Ираннан 10,9 миллиард долларды құрайтын 17,44 миллион тонна мұнай сатып алыпты. Енді оның көлемі едәуір қыс­қаратын болды.

 

Билік кек алмаққа уәде берді

Мексика өкіметі денелері Нуэво-Леон штатында табылған 49 адамның өлтірілуін қатаң айыптап отыр.

Мемлекет қауіпсіздіктің ұлттық стратегиясын іске қоса отырып, қылмыстық топтардың қатігез іс-әрекеттеріне жауап береді, деп мәлімдеген елдің бас прокуратурасы. Мәлімдемеде қылмыскер­­лер­дің жазалаусыз қалмайтындығы да атап көрсетілген. Әзірге қаза болған­дардың кім екендігі анықталған жоқ. Өкімет орын алған қайғылы оқиғаны наркокартельдер арасындағы күреспен байланыстырып отыр. Сөз ретінде бөлшектеніп тасталған дене мүшелерінің АҚШ-пен шекараға жақын жердегі күрежол бойында табылғанын да айта кету керек. Қазір автожол жабылып, тергеу жұмыстары жүруде.

 Интернет материалдары негізінде әзірленді.