• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Хоккей 13 Наурыз, 2019

Ертең «Барыс» ширек финалдық сайысты бастайды

1016 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарысының ширек финалдық межедегі алғашқы бәсекеде «Барыс» ертең Астанада Омбының «Авангардын» қабылдайды.

«Авангард» ҚХЛ-дағы беделі зор клубтардың бірі. Олар көптеген елішілік және бірқатар халықаралық додаларда жүлде алып, өз көрермендерінің ықылысына бөленді. Әр жылдары айтулы команда сапында талай жұлдыздар өнер көрсетті. Биылғы маусымда 87 ұпай жиған омбылықтар тұрақты біріншілікті жетінші орынмен қорытындылады. Шайба айырмашылығы – 177-133. Плей-офф сайысының алғашқы кездесуінде «Авангард» Қазанның «Ақ Барсын» төрт кездесуде де ұтты. Өз мұз айдынындағы матчтарды олар 6:0, 6:3 және сырттағы кездесулерді 4:1, 3:2 есептерімен аяқтады.

Ал «Барыс» жарыс кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Жиған ұпайы – 86. Шайба айырмашылығы – 190-149. Гагарин кубогы жарысының алғашқы кезеңінде жерлестеріміз Төменгі Новгородтың «Торпедо» клубынан 4:3 есебімен басым түсті. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»