Байқоңыр қаласында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі С.Қожаниязов пен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д.Бусыгин Байқоңыр қаласының тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелерімен қатар, білім және денсаулық, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, жол мәселелері қамтылды.
Қоғамдық қабылдауға 230 адам қатысқан болатын. Олардың сауалдарына Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің басшылары жауап берді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы