• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2019

Аңшылық кәсібін жетілдіру қажет

1064 рет
көрсетілді

Астана қаласында «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылық субъектілері республикалық қауым­дастығының кезекті жиыны өтті. Шараға республикалық деңгей­дегі өңірлік аңшылық-шаруашылық құрылымдарының өкілдері және Ауыл шаруашылығы министр­лігінің мамандары қатысты.

«Қансонар» қауымдастығы құрылған сәттен бастап, аңшы­лық саласындағы іс-әрекеттердің құқықтық, заңнамалық базасын жетілдіру, осы кәсіпке мини­мум бағдарламасы бойынша азаматтарды оқыту, оларды құ­жат­тан­дыру, тіркеу және қолайлы жағ­дайлар туғызу мақсатында жұ­мыстар жүргізіп келеді. 

Бұл жолғы жиын барысында сала бойынша қордаланып қал­ған мәселелер талқылан­ды. Ал­ғашқы болып баяндама жа­са­ған Қауым­дастықтың бас дирек­торы Хаирбек Мұсабаев, бо­ла­шақта еліміздегі аңшылық ша­руа­шылығын цифрландыру жа­йы жедел түрде қолға алы­ну қа­жет­тілігіне тоқталды. 

Жалпы, аталмыш сала бойынша шешімін таппаған дүние көп екен. Мысалы, көп жерлерде аң­шы­лық кәсібі жеке монополиялар ба­қылауында. Бұдан құтылудың жолы – аңшылықпен айна­лыса­тын тұлғаларға фер­мерлік құқық беру қажет дейді мамандар. Бұл шетелдерде бар тә­жі­рибе. Одан кейін қазіргі таң­да республика көле­­мін­де аң­шы­лық-шаруашылықпен ай­­налысатын 700-ден астам құ­рылым бар. Бұларға үкімет тарапы­нан еш­қан­дай қолдау-көмек жоқ. Көбі әупі­рім­деп өз күнін өз­дері көріп отыр. 

– Қордаланып қалған түйт­кіл­­дерді шешудің жолы, – дей­ді «Қансонар» аңшылардың қо­ғам­­­дық бірлестігі мен аң­шы­­лық-шаруашылығы субъек­ті­ле­рі рес­публикалық қауым­дас­ты­­ғы­ның басқарма төрағасы Орал­бай Әб­ді­кәрімұлы. – 2012 жылғы 29 қаң­тарда қабылданған «Жан­уар­лар дүниесiн қорғау, өсi­мiн мо­лайту және пайдалану ту­ра­лы» және «Агроөнеркәсіп ке­шенін реттеу туралы» заңдарға өз­­­геріс ен­гізу қажет. Осылай іш­кі шар­уа­­шы­лық субъектілерін заң­дық тұр­ғы­дан ретке келтіруге болады. 

Яғни, алда құрылуы мүм­кін фер­мерлік ұйымдар өзін өзі қар­жыландыруы тиіс. Нәтижесінде, ауылдық жерлерде шағын және орта бизнес дамиды, жаңадан жұ­мыс орындары ашылады, ауыл тұрғындары еңбекпен қам­ты­латын болады. Одан кейін дала­ның қоңыр аңдарының санын өсіріп, аңшылық кәсіпті туристік мақсатқа қолдануға кең жол ашу керек. Өйткені аңшылық туризм – табыс көзі. 

Шет мемлекеттерде турис­­тік аңшылық мәселесі жақ­сы жолға қойылған. Әсіресе Еуро­­па елдерінде даланың қоңыр аң­да­ры­ның етіне деген сұраныс көп. Дала жануарларының етін са­татын дүкендер, арнайы тап­сырыс­­пен ас дайындайтын мейрамхана, қонақүйлер саны күн сайын артып келеді. 

Сондай-ақ бүгінгі таңда елі­мізде 170 мыңдай адам аңшы­лық­пен айналысуға ниет білдірсе, осы­­лардың 80 мыңы тұрақты қа­ты­­сып жүр. Олардың ара­сын­да заң бұзушылық та орын алу­да. Бұ­лар­мен күресуге ауыл инс­пек­­торы қауқарсыз. Мәселені шешу­дің жолы ретінде жиынға қатысу­шылар Кеңес кезінде заң бұзу­­шыларға салынған айыппұл­дың 30 пайызы инспекторларға бе­рі­­летін, осыны жаңғырту керек, дейді. 

Сонымен қатар басқосу кезін­де көтерілген тағы бір дүние, ұлт­­тық саятшылық ісін дамыту жа­йы. Соның ішінде қазақы тө­бет пен тазы тұқымын сақтап қалу мә­се­лесіне мән берілді. Ол үшін ки­н­о­логия орталығын құру күн тәр­­тібінде тұр. «Бұл істі Аста­на қа­­ласында орналасқан С.Сей­­фул­­л­ин атындағы

Қазақ агро­­тех­­ника­лық университеті­нің базасында құруды жос­парлап отырмыз», дейді О.Әбдікәрімұлы. 

Жиын барысында естіген тағы бір таңданарлық жағдай, қазіргі таңда үлкен қалалардағы қаңғыбас иттерді қорғау үшін бюд­жеттен қомақты қаржы бөлі­неді де,  ал ұлт байлығы қазақы төбет пен тазыға соқыр тиын қарастырылмаған. Қызық!..

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»