• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Наурыз, 2019

Степняк қаласында 17 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталды

1454 рет
көрсетілді

Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов Степняк қаласының тұрғындарына 17 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады. Бұл ғимаратты түбегейлі жаңғыртуға аудандық бюджеттен 6 9832 423 теңге қаржы бөлінген.

Қаланың қақ ортасында көпқабатты ғимарат ұзақ жылдар бойы иен қалған болатын. Ерік Шаймұханов басқаратын «Еңбек» шаруашылық құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қараусыз қалған ғимаратты қайтадан қалпына келтіріп, жөндеп шықты. Тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып, су, жылу жүйелері тартылды. Бір қарағанда болымсыздау болып көрінетін бұл жаңалық жергілікті жер үшін өте маңызды. Өйткені, бұл жердегі құрылыс қарқыны қаржы тапшылығына байланысты қарқын ала қоймаған. Сондықтан да, аудан орталығының тұрғындары аздап болса да 17 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартқанына қуанышты. Бұл үйге бюджеттік мекеме қызметкерлері, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қоныстанды. Қалай болған күнде де жан жадыратар жақсылықтың нышаны.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы.