Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Бішкекте Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековпен кездесті. Бұл туралы Академияның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Академия басшысы 2018 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы және 2019 жылдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков Халықаралық Түркі академиясының туыс елдердің тарихы мен мәдениетін зерттеудегі ерекше рөлін атап өтті.