• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2012

Сириядағы ахуал қалай дамымақ?

392 рет
көрсетілді

Сириядағы ахуал қалай дамымақ?

Сенбі, 21 шілде 2012 7:42

Шар Айна

Елдің күштік құрылымдарын іс жүзінде басшысыз қалдырғанДамас­кідегі террактіден кейін сарапшылар Сириядағы ахуалдың дамуынекі нұсқада атауда.

Бірінші сценарий бойынша, үкімет армиясында жаппай әскерден қашу басталуы мүмкін. Ал ол Башар Асад режімінің тірегі болып табылатын ведомствоның күйреуіне әкеліп соқтырады. Екінші сценарий Сириядағы азамат соғысының ұзаққа созылатын соғысқа ұласып кетуін қарастырады.

Сенбі, 21 шілде 2012 7:42

Шар Айна

Елдің күштік құрылымдарын іс жүзінде басшысыз қалдырғанДамас­кідегі террактіден кейін сарапшылар Сириядағы ахуалдың дамуынекі нұсқада атауда.

Бірінші сценарий бойынша, үкімет армиясында жаппай әскерден қашу басталуы мүмкін. Ал ол Башар Асад режімінің тірегі болып табылатын ведомствоның күйреуіне әкеліп соқтырады. Екінші сценарий Сириядағы азамат соғысының ұзаққа созылатын соғысқа ұласып кетуін қарастырады. Бұл ретте режімге адал күштер Дамаск үшін шайқасты жалғастырып, елдің өзге өңірлерінен тың күштер алып тұрады. Ал Б.Асадтың гвардиясы өзінің жауынгерлік қабілетін сақтап қалмақ. Сонымен бірге, «сириялық қарсылықтың бақылау­дан тыс элементтерінің» химиялық арсеналдарды басып алу қаупінің бар екені де жоққа шығарылмайды.

Жанкешті Гуантанамо тұтқыны екен

Болгарияның Бургас қала­сында израильдіктер отырған автобустыжарып жіберген тер­роршы-жанкешті түбірі алжир­лік және финляндиялықШвеция азаматы болып шықты.

36 жастағы  Мехди Мохаммад Гезали Болгарияға теракт болардан бірнеше күн бұрын Мичиган штаты берген америкалық паспортпен және жүргізушілік куәлікпен келген көрінеді. Құжаттардың екеуі де қолдан жасалған. Сонымен бірге, оның 2002-2004 жылдарда Американың Гуантанамо әскери базасындағы терроршы­­ларға арналған түрмеде отырғаны да белгілі болып шықты. Кейін оны швед өкіметіне берген, ал олар тұтқынды босатып жіберген көрінеді. Жанкештінің дәл осы Гезали екендігі полиция әуежайдағы бейнебақылау камера­сын­дағы жазбаларды зерттегеннен кейін белгілі болған.

Наразылық басылмай тұр

Өткен бейсенбі күні Испанияда үкіметке қарсы наразылық акцияларықатты белең алды.

Елдің 80 қаласында ызаланған бірнеше жүздеген мың адам көшелерге шығып, ел үкіметінің дағдарысты жеңу үшін енгізген бюджетті қатаң үнемдеу шарасына өздерінің қарсылықтарын білдірді. Мадридте ереуілшілер қаланың орталық алаңына жиналды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметін­ше, астанада өткен акцияға 100 мыңнан астам адам қатыс­қан. Наразылық білдірушілердің арасында полицейлер, өрт сөндірушілер, медиктер мен оқытушылар да болған көрінеді.

Ортақ шешім болмағанына ренжіді

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағыдау-жанжалды реттеуге қатысты қарар бойынша ортақ келісімге келеалмағанына реніш білдірді.

Оның айтуынша, азаматтарды қорғау тұрғысында күш көрсетуге толық тыйым салуды көздейтін Қауіпсіздік Кеңесі алға қойып отырған мақсаттарға қол жеткізу үшін және демократиялық саяси жүйеге көшуді қамтамасыз ету үшін бүгінде үлкен күш пен батылдық қажет. Осы орайда Ресей мен Қытайдың қарардың батыстық жобасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру кезінде өткізбей тастағанын еске сала кету орынды.

Екінші рет үкім шығарылды

Тунистің әскери соты елдің экс-президенті Зин әл-Абедин бен Әлидіекінші рет өмір бойына соттау жөнінде үкім шығарды.

Ол 2011 жылдың басында өткен үкіметке қарсы бой көрсетулер кезінде 45 ереуілшінің қаза болуына және жүздеген адамның жарақат алуына кінәлі деп танылып отыр. Дәл осы жаппай наразылық акциясы салдарынан Зин әл-Абедин бен Әлидің өзіне саяси баспана берген Сауд Арабиясына қашуына тура келген. Айта кету керек, экс-президентке осымен екінші рет өмір бойы түрмеде отыру жөнінде үкім шығарылып отыр.

Гей-парадқа мундирмен келетін болды

Америка өкіметі қарулы күштер қызметкер­лерінің гей-парадтарға әскери киім киіп келулеріне рұқсат етті.

Пентагонның әскер қатарын­да­ғы го­мо­­сексуалдарға жасап отыр­­ған бұл же­ңілдігі алғаш рет емес. Бұған дейін, яғни өткен жылы ғана гомосексуалдарға қатысы бар офицерлердің әскер қатарында қызмет етуіне тыйым салатын «сұрама – айтпа» деп аталатын принцип күшін жойған болатын. Бұл саясат АҚШ-та 1993 жылы енгізіліп, тек тоғыз айдан соң ғана күшін жойған еді. «Сұрама – айтпа» принципі өз күшінде тұрған кезеңде америкалық қарулы күштер қатарынан 14 мың қызметкердің босатылғанын да айта кету қажет.

АҚШ қорғанысқа 606 миллиард доллар бөлді

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы 2013 қаржы жылына арналған әскери шығындар мөлшерін шамамен 606 миллиард доллар деп белгіледі.

Осыған орай, қабылданған заң жобасы 518 миллиард долларды Пентагон қажеттеріне, 87,7 миллиард долларды Ауғанстандағы соғыс пен шетелдердегі өзге де опера­цияларға жұмсауды қарастырады. Бұл заң жобасы біздің армиямызға қамқорлық жасайды. Ол Америкаға ең жоғары деңгейде қолдау көрсетеді және оның соғыс қабілетін арттыра түседі, деп атап көрсетті ассигнованиялар жөніндегі комитет төрағасы Хэл Роджерс.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.