Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет сағатында айтты. Министрдің презентациясы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы» болды.
«Қазақстанның тұрғындарына онкологиялық көмек көрсету денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағдарламалық құжаттарында айқындалатын мемлекеттік саясаттың басты бағыты. 2011-2015 жылдар аралығында Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Оларды іске асыру нәтижесінде өлімді 100 мың халыққа шаққанда 102,4-тен 95,8-ге дейін төмендетуге, ерте сатыда (I- II сатылар) анықтауды 50,1%-дан 53,5%-ға дейін жақсартуға қол жеткізілді», деді Министр.
Сонымен қатар Елжан Біртанов 2018 жылдың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өлім көрсеткішін 100 мың халыққа шаққанда 92,8-ден 80,96-ға төмендету мақсатына қол жеткізілгенін айтып өтті.
«Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес I-II сатыларда ерте диагностикалау көрсеткіші 2016 жылдан бастап соңғы 3 жылдың ішінде 21,8%-дан 26,2 %-ға дейін артқан 0-I сатыларда ерте диагностикалаудың барынша сезімтал индикаторына өзгертілді. 2018 жылы 5 және одан да көп жыл өмір сүретін пациенттердің үлесі 50,2%-дан 51,0 %-ға өсті. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың шеңберінде онкологиялық патологияны анықтауды арттыруға және ерте диагностикалауға бағытталған іс-шаралар іске асырылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде Кешенді жоспардың жоспарланған барлық көрсеткіштеріне қол жеткізілді», деді Министр Елжан Біртанов.